Қоғамдық қауіпсіздік – әрбір тұрғынның тыныш әрі алаңсыз өмір сүруінің басты кепілі. Іле ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Алайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек құқық қорғау органдарының міндетімен шектелмейді. Әрбір азамат қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналасындағылардың құқығына құрметпен қарауы тиіс. Күдікті жағдайларға бейжай қарамау да азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Тұрғындар мен тиісті органдардың өзара бірлігі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамның күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы қажет.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ