Перейти к содержимому

Есірткісіз болашақ – саналы таңдау

37 қаралым

Есірткі – адам денсаулығына ғана емес, қоғамның болашағына да қауіп төндіретін үлкен мәселе. Іле ауданында жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл мәселеде ата-ана, ұстаз, құқық қорғау органдары және қоғам болып бірлесіп әрекет ету қажет. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларды спорт пен шығармашылыққа тарту – есірткіге қарсы күрестің тиімді жолы. Әрбір жас өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Есірткінің таралуына қарсы күресте ешкім бейжай қалмауы керек. Есірткісіз орта – дені сау және жарқын болашақтың кепілі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ