Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жол ережесі – өмір қауіпсіздігінің кепілі

Жол ережесі – өмір қауіпсіздігінің кепілі

37 қаралым

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жүргізуші мен жаяу жүргіншінің ортақ міндеті. Бір сәттік асығыстық немесе ережені елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан Іле ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесіне әрдайым ерекше назар аудару қажет. Көлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтап, рөлге отырған кезде барынша мұқият болуы тиіс. Жаяу жүргіншілер де белгіленген өткелдерді пайдаланып, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтағаны жөн. Балаларға жолда жүру мәдениетін үйрету – ата-ана мен ұстаздардың маңызды міндеті. Жолдағы тәртіп – өз өмірің мен өзгенің өміріне деген жауапкершілік.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ