Құқықтық сауаттылық – әр азаматтың қоғамдағы өз орнын дұрыс түсінуіне көмектесетін маңызды құндылық. Заңды білетін адам өз құқығын қорғай отырып, өз міндетін де дұрыс орындай алады. Іле ауданында тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру және заң талаптарын түсіндіру бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Күнделікті өмірде әр адам еңбек, отбасы, мүлік және басқа да құқықтық мәселелермен кездесуі мүмкін. Осындай жағдайда заңды білу дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Заң талаптарын сақтау қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді. Құқықтық сауатты азамат – әділетті әрі қауіпсіз қоғамның тірегі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ