Перейти к содержимому

Ата Заң және азамат құқығы

36 қаралым

Конституция – әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі. Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылықтарының бірі ретінде қарастырылады. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, оны заңды жолмен қорғай алуы маңызды. Сонымен бірге құқық әрдайым жауапкершілікпен қатар жүреді. Заң талаптарын сақтау қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Құқықтық сауатты азамат өз мүддесін де, қоғам мүддесін де құрметтейді. Сондықтан Конституцияны білу – саналы азаматтың маңызды міндеті.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ