Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Есірткіден аулақ бол – өміріңді бағала!

Есірткіден аулақ бол – өміріңді бағала!

34 қаралым

Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Бұл қауіпті әдеттің алдын алу үшін бала тәрбиесіне ата-ана мен қоғам тарапынан ерекше көңіл бөлінуі қажет. Жасөспірімдерге есірткінің зиянын түсіндірумен қатар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Спорт, білім, шығармашылық және қоғамдық жұмыстар жастардың дұрыс бағыт таңдауына ықпал етеді. Күмәнді ұсыныстарға ермей, заңсыз әрекеттерден аулақ болу – әр азаматтың жауапкершілігі. Есірткінің таралуына қарсы күресте тұрғындардың қырағылығы да маңызды рөл атқарады. Салауатты өмір салтын таңдау – өз болашағыңа жасалған ең дұрыс инвестиция.

Серік САТЫБАЛДИЕВ