-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

    11.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Парламент, Партия
    Алматы облысында 3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин «G4 City» 4 спутник қаласын дамыту жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

    «G4 City» жобасы Алматы облысында 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Алматы-Қонаев тас жолының бойында жалпы саны 250 мың тұрғыны бар «Gate City», «Golden City», «Growing City» және «Green City» сынды заманауи аудандар пайда болады.

    Халық қалаулысы «Gate City» құрылысымен танысты. Мамандардың болжамынша, 2030 жылға қарай онда 90 мың адам өмір сүреді. Шамамен бір жарым миллион шаршы метр тұрғын үй салынатын тұрғын алабы қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. «Gate city»-де барлығы 74 тоғыз қабатты үй, 10 мектеп, 16 балабақша және 4 емхана салынады. 10 үй пайдалануға беріліп қойды.

    Максим Рожин спутник қалалардың коммуналдық инфрақұрылымына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

    «Халықты сумен және электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі партиялықтардың ерекше бақылауында болуы тиіс. Сондай-ақ, жылу беру нысандарының дайындығын да бақылау қажет. Тұрғын үй азаматтарға қолжетімді болуы керек. Сонымен қатар, тұрғын үйдің шаршы метріне қатысты баға саясатын да бақылау қажет», – деді депутат.

    Бүгінде «Gate City»-де қосалқы электр стансасы, автоматты түрде газ тарату стансасы, магистральдық сумен жабдықтау жүйесі бар су қабылдау қондырғылары және кәріз-сорғы стансасы салынды.

    Жалпы, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысында алдағы бес жылда 3,9 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл кемінде 5,8 мың отбасын, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобының 920және 550 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Ұсынымдар

    Қонаев әкімі қаладағы құрылыс нысандарын аралады

    Қонаев әкімі қаладағы құрылыс нысандарын аралады

    2 years ago
    Алматы облысында «iAlmobl.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылды

    Алматы облысында «iAlmobl.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылды

    3 months ago
    Өзен ластағандар жауапқа тартылды

    Өзен ластағандар жауапқа тартылды

    1 year ago
    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    4 months ago
    Starlink игілігі шалғайдағы ауылдарға да жетпек

    Starlink игілігі шалғайдағы ауылдарға да жетпек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.