-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлағатты ұрпақ – ұлт байлығы

    29.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет
    Ұлағатты ұрпақ – ұлт байлығы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және білікті маман даярлау жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған шараны Алматы облыстық әдістемелік орталығы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен колледж ұжымы бірлесе ұйымдастырды. Жиынға еліміздегі осы салада еңбек ететін ұстаздар қауымымен бірге Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан ғалымдары қатысты.

    Конференция қонақтары ең алдымен колледж дәлізінде орналасқан «Білім беру процесіндегі инновациялық-педагогикалық технологиялар жүйесі» атты көрмені тамашалады. Оқытушылар құрамы мен студенттердің қолынан шыққан қолданбалы өнер туындылары көркемдігімен, мазмұндылығымен ерекшеленді.
    Алқалы басқосуда Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің атқарушы директоры Майсам Бакиева жиынға келген қауымды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Мектепке дейінгі білім беру ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатынын айтып, конференцияға қатысушылардан ұстаздар мен тәрбиешілердің білімін жетілдіру мен сапалы мамандар даярлауда келелі ой мен кесімді пікірлер күтетінін жеткізді.
    «Тәрбие талбесіктен басталады». Ұл-қыздарын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап ұлықтаған ұлттың ұрпағы емеспіз бе?! Ал бүгіндері ата-аналар жұмысбасты болып кеткен заманда бұл міндет толықтай балабақша мен мектептің иығына артылғаны жасырын емес. Мектепке дейінгі тәрбие саласының мамандары осы міндетті абыроймен атқаруға тиіс.
    Келесі болып мінберге көтерілген облыстық әдістемелік орталықтың техникалық және кәсіптік бөлім басшысы Шынар Исаханова мектепке дейінгі мекемелер мен осы саланың мамандарын даярлаудың өзекті мәселелерін ортаға салды.
    Жиын барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балаларды ерте дамыту институтының директоры Гүлшат Оңланбекқызы «Басым міндеттерді шешу жолымен мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ұлбосын Қияқбаева «Жоғары оқу орындарында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлаудың тәжірибесі мен даму бағыттары», Ресейдегі халықаралық кәсіби даму институтының директоры Ольга Коломиец «Мектепке дейінгі білім жүйесінің білікті педагогтерін даярлаудың психологиялық-педагогикалық шарттары», Қырғызстандағы И.Исамидинов атындағы педагог кадрларды нысаналы даярлау институтының директоры Рахат Сулайманова «Қырғызстандағы мектепке дейінгі білім», Өзбекстан Республикасы, Ферғана мемлекеттік университетінің философия докторы Илхомжон Солиев «Өзбекстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі», Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Фатима Жұмабекова «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандарын даярлауды модернизациялаудағы басым бағыттар» тақырыптарында баяндама жасады.
    Бұдан кейін «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы заманауи әдістер» тақырыбында секциялық жұмыстар жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы «Асыл-Айым» балабақшасының меңгерушісі Айсұлу Есенжолқызы, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен Жетісу облысы Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Жәмила Рахметжанова мен Жамбыл ауданындағы «Мерей – 2016» балабақшасының тәрбиешісі Юлия Кулагина марапатталды. Сондай-ақ, екінші секциялық жұмыстар бойынша Жамбыл ауданының өкілдері топ жарып, «Өркениет бөбекжайы» балабақшасының тәрбиешісі Айдын Базарбаева, «Мерей – 2016» балабақшасының тәрбиешісі Елена Татьянкина және «Елигайнұр» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айман Есімбетовалар жеңімпаз деп танылды.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Сенімді энергия көзі

    МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

    8 months ago
    Ата  дәстүрден ажырамайық

    Ата дәстүрден ажырамайық

    1 month ago

    Өлеңмен өрнектелді

    1 year ago
    Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

    Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

    1 year ago
    АЭС құрылысын қолдады

    АЭС құрылысын қолдады

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>