-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Қуғын-сүргін құрбандары

    «АЛЖИР»-де азапталған аналар

    31.05.2024
    in Қуғын-сүргін құрбандары
    «АЛЖИР»-де азапталған аналар

    Фото: museum-alzhir.kz

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Кеңестік кезеңнің елімізге тигізген зардаптары аз емес. Мыңдаған адамның тағдырын  қиған тоталитарлық жүйе ізгіліктің, мейірімділік пен әділеттілік жаршысы болған жандардың соңына түсіп, өмірін қиды. Саяси қудалаулар адам санасына сыймайтын қатыгездікке ұласты. Өздерінің зерек ойымен, талантымен құрметке ие  болған халқымыздың ардақты ұлдары мен қыздары, сталиндік жаналғыштардың қолынан қаза тапты. Жоғарыдан  қарқынды  деңгейде жүргізілген репрессиялық шаралар қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды.

    Саяси қуғын-сүргінге ер-азаматтармен қатар әйелдер де, балалар да ілікті. 1937 жылы  салынған  Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері  кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып  кеткен.  Осы азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жан қамауда болған. Ел жайсаңдарының зайыптары,  қыздары мен  қарындастары  жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы –  мұнда ауыраяқ аналарға да аяушылық жасалмады. Темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі  аштық пен суықтың құрбаны болды. Бұл жазалау орталығы «Қарлаг» лагерінің №26 бөлімшесі ретінде қазіргі Астана қаласының оңтүстік-батысындағы,  Малиновка  елдімекенінде КСРО Ішкі істер халық комиссариатының 1937 жылы 5 тамыздағы  № 00486 бұйрығы негізінде құрылған. АЛЖИР лагерінің орналасқан жері 30 мың га аумақты алып жатты. Оның Қарағанды, Ақмола өңірлерінде бірнеше  бөлімшесі болды.  Отан соғысы жылдары мұнда  8 мыңнан астам әйел тұтқында болды. Лагерде КСРО  мемлекет басшыларының, әскери қолбасшыларының әйелдері мен туыстары, Қазақстандағы зиялы қауымның  әйелдері мен балалары  жапа шекті.  Алжир 1950 жылдың  басында таратылып, оның тұтқындары  басқа лагерлерге ауыстырылып, мерзімін өтегендер босатылды.

    1937 жылдың  15 тамызында  ПХК-ның  № 00486 заңы шықты.   Бұл  «халық  жауларының әйелдеріне қарсы»  жүргізілген операцияны толық түсіндірген құжат болды. Сондықтан оның ең маңызды 3 пунктіне көңіл бөлейік.  Осы заң бойынша  1936 жылдың  1-тамызынан бастап Әскери коллегия мен әскери трибуналдың  шешімімен 1-інші   және  2-інші санаттағы  «тыңшы – диверсиялық ұйымдардың мүшелері»  болғандардың  әйелдері тұтқынға алынды. Тыңшылар мен  халық жауларының әйелдерін  аталған бұйрықта көрсетілген тәртіппен, күйеулерімен бірге  сол мезетте тұтқындау көрсетілген. Жаппай  қуғын-сүргін  кезінде кәрі кісілер,  емшекте баласы барлар мен жұқпалы аурумен ауыратын науқастар  және жүкті әйелдердің  қамауға алынуы кешеуілдетілді. Бұйрықтың  келесі тармағында: «Тұтқындалған халық жауларының әйелдері ауру  немесе  жүкті болуына байланысты  уақытша тұтқындалудан босатылады,  бірақ  жазылған бойда  жедел арада белгіленген жерге жеткізілуі тиіс» деп айтылған. Осы бұйрық бойынша  әйелдер «Алжирдің»  тұтқыны болып,  малға қарау,  бақшаны күту, солдаттарға  форма  тігу, қамыс  ору сияқты  ауыр  жұмыстарды  атқарды. Балаларының  тағдырын ойлап азаптанған аналар  ауыр жұмысты, қысқы аяз бен аштықты  көрді. Ол аздай зорлық-зомбылық та қажытып жіберді. Түрмедеде  1507 нәресте  тұтқындарды зорлау нәтижесінде дүниеге келген.  Бүкіл ТМД бойынша  қуғын-сүргін жылдары  20 мыңнан астам әйелдің азабына айналған  лагерь,  бүгінде  өткені өкінішке толы  мұражайға  айналған.  Малиновкадағы  тұтқындардың қолымен  қазылған арықтар қазір көрінбейді. Олардың  тұрғызған  бірде-бір  жертөлесі  қалмаған.   Темір торда  азапталған жандарды  ұмыту мүмкін емес.

    Айнұр Нұржақып

    Ұсынымдар

    Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

    Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

    9 months ago
    Кітап – ең құнды сыйлық

    Тиімді серіктестік

    4 weeks ago
    Шекарашылар үшсайысы

    Шекарашылар үшсайысы

    1 year ago
    Арал теңізін қалпына келтірудің екінші кезеңінің жобасы талқыланды

    Арал теңізін қалпына келтірудің екінші кезеңінің жобасы талқыланды

    3 days ago
    Жыл жеңімпазы

    Жыл жеңімпазы

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>