-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Altyn Julduz» алға басып келеді

    19.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы
    «Altyn Julduz»  алға басып келеді
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында орналасқан «Altyn Julduz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тапсырыс бойынша арнайы киімдер тігумен айналысып келеді.  2023 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынның  өндіріс көлемі  3,5 млрд теңгеге жетті. Ол жайлы бізге «Altyn Julduz» компаниялар бірлестігі құрылтайшыларының бірі Жанат Алтынғадысұлы мәлімдеді.

           Осыдан 20 жыл бұрын жұмысын тігін өндірісінен бастаған кәсіпорын қарапайым күртешелер шығаруды жолға қойған. Ал 2006 жылы «Altyn Julduz» компаниялар бірлестігі өмірге келіп, кәсіпорын тендерлерге қатысып, құрылыс материалдары мен арнайы жабдықтар, жиһаз бөлшектерін жеткізумен айналысып, ауыл шаруашылығы саласында да еңбек ете бастаған.

    Аталған кәсіпорын жеке қорғану құралдарын (СИЗ) шығаратын отандық бес компанияның қатарына кіріп, тапсырыс берушінің талабы бойынша арнайы логотиптер тігуді қолға алады. Сонымен қатар мұнда сахна шымылдығын, төсек-орын жабдықтарын, үйге қажетті мата өнімдерін даярлайтын  тігін атальелері де жұмыс істейді.  Ал Еңбекшіқазақ ауданы аумағында асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылығы, Жамбыл ауданында жеміс өсіретін  бау-бақшалары бар. Осылайша отандық өнімді арттыруға өз үлестерін қосуда.

    Жаңа бизнесті бастау қашанда оңай болмаған. Тігін өндірісінің қыр-сырын меңгеру үшін Қытай мен Түркия елдеріндегі кәсіпорындар жұмысымен танысады. Содан кейін өндіріске керекті құрал-жабдықтар сатылып алынған.  Алғашында фабрика Алматы қаласында орналасқан. Өндіріс өсе келе жер көлемін ұлғайту мәселесі туындап, 2016 жылы Қарасай ауданының Іргелі ауылына қоныс аударыпты. Күн өткен сайын жұмысын жандандыра отырып, еліміздегі іргелі кәсіпорынның біріне айналған. Өнімдері өздеріне тиесілі «GS» («Golden Star») бренді бойынша шығарылуда.

    Жоғарыда айтқанымыздай, тігін фабикасы негізінен арнайы сырт жән аяқ киімдерін тігумен айналысады. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласының, ауыл шаруашылығының,  қызмет көрсету жүйесінің,  Ішкі істер органдарының және денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған киімдер осы жерде тігіледі.  Өз жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындайтын болғандықтан, тапсырыс көлемі күннен-күнге ұлғая түсуде. Фабрикада қажетті маталар мен бұлғарылардан бастап дайын өнімдердің сапасы мұқият тексеріліп отырады. Кәсіпорынның өз оқу орталығы да бар. Мұнда мамандар мен  өндірістік тәжірибеден өтуге келген студенттер  сырт киім мен аяқ киім тігудің қыр-сырын жетік меңгереді.

    «Altyn Julduz» компаниялар бірлестігінің жетістіктерін мына цифрларға қарап та аңғаруға болады. Атап айтқанда, компанияда 4000 шаршы метр жерге өндірістік ғимараттар орналасса,  қоймалар көлемі  9000 шаршы метрді алып жатыр.   Кәсіпорын бір жылда  300 мыңнан аса арнайы киімдер тігіп, тапсыруда.  Мұнда бүгіндері 200 адам еңбек етіп, 260 мың теңге көлемінде айлық жалақы белгіленген. Қазақстанның 10 облысында компанияның  филиалдары құрылып, өз жұмыстарын жалғастыруда. Ендеше, елімізде отандық өнім өндіруді жолға қойып, табыстарға қол жеткізіп келе жатқан компанияның жұмысы алға баса берсін дегіміз келеді.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Су тасқыны ахуалы туралы жедел ақпарат

    Тасқын туралы бірер сөз

    1 year ago
    Мемлекеттік қызмет

    Әдеп кодексі әр мемлекеттік қызметкердің бойтұмарына айналуы тиіс

    2 years ago
    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    8 months ago
    Жаңа бөлім ашылды

    Жаңа бөлім ашылды

    3 months ago
    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.