-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарқара тарихына үңілді

    14.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Қарқара тарихына үңілді

    SONY DSC

    0
    SHARES
    45
    VIEWS

    Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттерінің іс-тәжірибелік экспедициясы өтті. Олар екі апта бойы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

    Экспедиция лагеріне Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев арнайы барып, оқытушылар мен тәлімгерлердің тыныс-тіршілігімен танысты. Іс-тәжірибе аясында тарих және құқық факультетінің студенттері археологиялық ант қабылдады.

    – Біздің өлкені жақсы білесіздер! Қарқара – 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс болған тарихи жер. Сонымен қатар бұл өңірде сақ, ғұн, үйсін заманынан сыр шертетін жәдігерлер де жетіп артылады. Соны іздеп тауып, өткенді болашақ ұрпаққа танытып жүрген археологтардың еңбегі ерен. Осы саланы таңдаған болашақ мамандардың жұмысына сәттілік тілеймін! – деді Нұрбақыт Молдахметұлы.

    ҚазҰПУ ежелгі және орта ғасырлық Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Медет Дүйсенбекұлы студенттерге институтта оқыған лекциядан археологиялық іс-тәжірибенің жөні бөлек екенін айтты.

    – Далада өткен практикада студенттер бәрін көзбен көріп, қолмен ұстайды. Әрбір обаның беткі қабаттарын аршып, тереңге бойлаған сайын өткен ғасырға өткендей болады. Қазба жұмыстарында археологиялық құралдармен қалай жұмыс істеу керектігін толықтай үйренеді. Сондықтан қаржы бөліп, экспедицияға ықпал еткен университет басшылығына және біздің жұмысымызға құрмет көрсеткен аудан әкіміне алғысымыз шексіз, – деді Медет Дүйсенбекұлы.

    Жалпы, жазғы экспедицияға 60-қа тарта студент қатысты. Қыз-жігіттер маусымның 15-не дейін табиғат аясында білімдерін шыңдады.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурс өткізіледі

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурс өткізіледі

    10 months ago
    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    Мемлекеттік тіл – ұлт өзегі

    2 months ago
    Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі басталды

    Алматыда «Senat Open» шахмат турнирі басталды

    1 year ago
    Талғар ауданында 32 елдімекенге газ тартылған

    Талғардағы түйткілдер қашан шешімін табады?

    1 year ago
    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    Энергетикалық тәуелсіздігінің кілті – ядролық энергетика

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>