-13 °c
Qonaev
Sunday, June 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шалкөде жайлауының «Шопандар тойы»

    20.07.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Шалкөде жайлауының «Шопандар тойы»
    0
    SHARES
    59
    VIEWS

    Көк жайлаудың төресі, желмаясына мініп жаһанды кезген Асанқайғының арманындағы жерұйық мекен – Шалкөде жайлауының төрінде қазақтың ұлттық құндылықтары  жаңғыртылып, ұзақ жылдар бойы ұлықталмай ұмыт болып бара жатқан шопандар тойы дүркіретіп аталып өтілді.

    Көшпенді елдің ұлттық мәдениеті ұлықталып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен өнері, ас мәзірі мен дала спорты дәріптелетін, жалпы ұлттық болмысымыз насихатталды!

    Қасиетті Қарадаланы мекен еткен Ұйғыр ауданы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығына бейімделген аудан. Шарада аудан әкімі Бота Серікқызы төрт түлігін түгендеп, төрт құбыласын теңестірген мал шаруашылығының нағыз майталмандары малшылар қауымының мерекесімен құттықтап, мал бағу мен мал басын көбейтуде озық еңбек етіп, жетістіктерге жеткен бірқатар ауыл малшыларын арнайы марапаттап, маңдай тер мен адал еңбектерін елеп ескерілді.

    Қазақ күресінен жауырыны жер иіскемеген палуандар боз кілемде бақ сынасты. Ат құлағында ойнайтын спортшылар теңге ілуден сайысқа түссе, білекті жігіттер ат үстінде аударыспақтан тамаша ойын көрсетті. Қошқар көтеруден де бірқатар жігіттер жарысқа түсті.

    Сап түзей тігілген ақшаңқан үйлерде ас беріліп, бір-бірімен арқа-жарқа болысқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, әзілі жарасқан боз бала бойжеткендер нағыз тойдың сәнін кіргізді. Алдағы жылдары ауқымы кеңейетін естен кетпес дүбірлі той болды.

    Ұсынымдар

    Су басқан өңірлерге 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

    Су басқан өңірлерге 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

    1 year ago
    Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

    Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

    10 months ago
    Сан емес, сапа маңызды

    Сан емес, сапа маңызды

    6 months ago
    Нұрлан Ертасұлы

    Жамбыл ауданында газдандыру деңгейі 72 пайызға жетпек

    4 months ago
    Жолақы жыры бітер ме?

    Жолақы жыры бітер ме?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.