-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тоғызқұмалақтан турнир өтті

    19.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Тоғызқұмалақтан турнир өтті
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданында қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирінің Алматы облысы бойынша іріктеу кезеңі өтті.

    Қазақстан Мәслихаттарының 30 жылдығына орай және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Сенаты мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының қолдауымен өткізілген турнирге облыстан барлығы 38 ойыншы қатысты.

    Турнирді Алматы облысы мәслихатының депутаты,  тұрақты комиссиясының төрағасы Болатжан Нұрбеков, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорт федерациясының Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Жарас Ниязбеков ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Болатжан Саймасайұлы: «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың сүйікті ойыны болған – тоғызқұмалақты халық арасында кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа үйретудің маңызы мол. Бұл баланың есте сақтау, ойлау қабілетін, логикасын шыңдап, ептілікке үйретеді», – деп, тоғызқұмалақтың маңызына тоқталды. «Төрт мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойнын ұлттық брендке айналдырып, бүкіл әлемге танытуымыз керек», – деген Жарас Ергөбекұлы ұлттық құндылығымыз – тоғызқұмалақ ойнының Алматы облысында соңғы жылдары кең қанат жайып, балалар мен жасөспірімдер арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отырғанын айтты.

    Жеті кезеңмен өте тартысты өткен турнирде ерлер арасында жүлделі үшінші орынды Іле ауданынан Родионов Виталий мен Еңбекшіқазақ ауданынан Нұртілеуов Амандық бөлісті. Екінші орын Іле ауданынан келген Қылышбаев Ерболатқа бұйырса, бірінші орынды Сатыбалды Ермұхамбет иеленді. Ал әйелдер арасында үшінші орынды Талғар ауданының қос ойыншысы Ермекқызы Перизат пен Сатыбалды Ақнұр алды. Екінші орынды Ұйғыр ауданынан Арсинова Дильназ қанжығаласа, бірінші орын да Ұйғыр ауданына бұйырып, Ярмухаметова Гульниса жеңіске жетті.

    Бірінші және екінші орын алған қатысушылар тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирінің 20 тамызда Астана қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды.

    Құралай Мұратқызы

    Ұсынымдар

    Сатира сардары

    Сатира сардары

    11 months ago
    Әлемге танымал кәсіпкерлер мен көшбасшылар бас қосады

    Өңірдің туристік әлеуетін арттыру жайы талқыланды

    2 years ago
    Алматы облысында тұңғыш рет IT-жобалар конкурсы өтті

    Алматы облысында тұңғыш рет IT-жобалар конкурсы өтті

    2 years ago
    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

    1 year ago
    Мажарстан ғалымдарымен әріптестік орнатты

    Мажарстан ғалымдарымен әріптестік орнатты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.