-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    “Толағай – алыптар сайысы” мәресіне жетті

    01.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    “Толағай – алыптар сайысы” мәресіне жетті
    0
    SHARES
    32
    VIEWS

    Қонаев қаласында ұлттық дәстүрді дәріптеп, қазақ халқының танымына сай ерлер күш-қуатының өзіндік культін қалыптастыруды көздейтін “Толағай – алыптар сайысы” облыстық турнирі өтті. Бұл спорт шарасы атауының өзі елін қуаңшылықтан сақтау үшін төбесін бұлт жапқан тауды көтеріп келген Толағай есімді тоғыз жастағы бала туралы ежелден жеткен аңызбен байланысты.

    “Ата-бабаларымыз есте жоқ ескі заманнан түрлі сайыстар өткізіп келген. Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын айшықтайтын мұндай сайыстарға қызығушылық оянып келеді. “Толағай” – салауатты өмір салтын насихаттайтын көпсайыс. Бұл сайысты туған жерімізді дәріптеп, жастарға батырларымыздың ерлік дәстүрін үлгі ету үшін ұйымдастырамыз”, – деді Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Ерболат Сарабеков.

    “Толағай – алыптар сайысы” турниріне 18 жастан асқан, салмағы 90 келіден асатын және спорттан біліктілік дәрежесі бар ерлер ғана қатыса алады. Облыстың түрлі аудандарынан келген атлеттер салмағы 10 келіге жететін найзаны бір қолымен лақтырып, алыстағы нысанаға дәл тигізу, бір минутта сом темірді мойынға салып екі қолымен ию, 100 келілік тасты көтеріп, межелі жерге жеткізу, бір минут бойы 100 келілік бөренені көтеріп отырып тұру, жарты тонна салмақтағы арбаны сүйреуден сайысқа түседі.

    Жобаның авторы әрі бастамашысы Темір Спатаевтың айтуынша, “Толағай” көпсайысы облыста бірінші рет өткізіліп отырған жоқ.

    “Ата-бабаларымыз Қажымұқан, Балуан Шолақ, Иман Жүсіп алып күштің иелері болған. Олар зілдей қара тастарды немесе құм толы қаптарды басынан асыра көтеріп, сом темірлерді мойнына салып иетін. Атлеттердің күші мен шеберлігін көрсету үшін бұл жаттығулардың бәрін сайыс бағдарламасына қостық. Мұндай турнирлерді әр өңірде физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да күшті адамдар барын көрсету үшін өткізіп тұру қажет. Бүгінгі күннің батырлары Алматы облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанда бар”, – деді Темір Спатаев.

    Бес түрлі сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлде – “Алтын белдік” пауэрлифтингтен ҚР спорт шебері Евгений Инкинге бұйырса, екінші орын Кеген ауданынан келген қара күш иесі Алғалы Нұрсұлтанға тиді. Қарасай ауданынан келген атлет Мырзатай Бағлан үшінші орынды иеленді.

    Турнир жеңімпаздары грамоталармен және ақшалай жүлделермен марапатталды. 1-орын иегеріне 500 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңге табысталды. Ең үздік деп танылған атлеттер қыркүйек айында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының іріктеу кезеңінде Алматы облысының атынан сынға түседі.








    Ұсынымдар

    Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

    Алматы облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін станция қойылады

    5 months ago
    Газ қауіпсіздігі қатаң бақылауда

    Газ қауіпсіздігі қатаң бақылауда

    2 years ago
    Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

    Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

    2 years ago
    Үздіктер қатарында

    Үздіктер қатарында

    1 year ago
    Әкім Қарасай ауданындағы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды

    Әкім Қарасай ауданындағы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>