-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 137,4 шақырым жол жөнделеді

    29.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    Алматы облысында республикалық жолдардан 300-ден астам сынама алынды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Жыл басынан бері Алматы облысында 137,4 шақырым жолды жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда осы жоспардың 116,7 шақырымы, яғни 85%-ы орындалып, өңірдегі жол сапасы айтарлықтай жақсарды. Бұл туралы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

    Ермек Баймұхамбетовтің айтуынша, қазіргі уақытта 14 жоба аясында 129 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу және 8,4 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, “Қапшағай – Бақанас – Қарой”, “Екатеринбург – Алматы” бағыттары және басқа да ауылдарға кіреберіс жолдарда асфальт жабындысы толықтай жаңартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Мысалы, “Шелек – Сарыбұлақ – Ақтоған” бағытында 16,4 шақырым жол жөнделді.

    Жол сапасын жақсарту мақсатында 310,2 шақырым көше-жол желілерін салу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1180 шақырым жолға жолақ сызықтары сызылып, 37 671 шаршы метр шұңқырлы жөндеу жұмыстары орындалды. Бұл шаралар көлік қозғалысын реттеу және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

    “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” филиалы арқылы жол жөндеу және қайта құру жұмыстарының сапасын бақылау күшейтілуде. Биыл бұл мақсатта 74,9 млн теңге бөлініп, орталық мамандары жол жұмыстарының сапасын тексеруге бағытталған сынақтар жүргізді.

    Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.Биылғы жылы 44 елді мекенді қамтитын 17 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Осы бағыттар бойынша күнделікті орта есеппен 5 мыңнан астам жолаушы тасымалданады деп жоспарланған.

    “Жыл соңына дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін 93%-ке жеткізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін облыс әкімдігі мен жол жөндеу қызметтері үздіксіз жұмыс істеуде,” – деп қорытындылады Ермек Баймұхамбетов.

    Ұсынымдар

    Мәхір беру дұрыс па?

    Мәхір беру дұрыс па?

    1 year ago
    Аялы алақан ажал алақанына айналды

    Аялы алақан ажал алақанына айналды

    12 months ago
    Ауыл аманаты: Кәсіпкер 8 ауылды шифермен қамтып отыр

    Ауыл аманаты: Кәсіпкер 8 ауылды шифермен қамтып отыр

    2 years ago
    “Прогресс симфониясы: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың үйлесімі”

    “Прогресс симфониясы: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың үйлесімі”

    2 years ago
    Жастарға жұмыс ұсынылды

    Алматы облысында 3 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.