-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Даланы дүбірге бөледі

    28.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Даланы дүбірге бөледі
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Қарасай ауданында «GÚLNAR BAQ» демалыс базасында ұлттық спорт түрлерінен республикалық турнир өтті. Аталған жарыс көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, заңғар тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевты еске алу құрметіне арналды.

    Сайыстың ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, Қарасай ауданының әкімдігі, қоғам қайраткерлері, ақсақалдар мен спорт ардагерлері құрметті қонақтар сапында шақырылды.

    Жарысты ұйымдастырушы генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев: «Бұл жарыс Дінмұхаммед Ахметұлын еске алуға арналады. Мемлекет қайраткерінің Отан алдындағы еңбегі орасан. Аталған бәсеке үшінші жыл қатарынан өтіп отыр. Осындай шаралар арқылы халқымыздың жанына жақын, қанымызда бар ат спортының дамуы мен насихатталуына үлесімізді қосуға әзірміз. Жарысты ұйымдастыруда көрсеткен көмектері үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қарасай ауданының әкімдігіне алғыс айтқым келеді», – деп атап көрсетті өзінің сөзінде.

    Салтанатты бөлім аяқталып, бата берілген соң көрермендер көңіл сергітер көріністерге – рух пен дененің ептілігі мен күшінің салтанат құруын тамашалады. Шара бағдарламасы бойынша 25 шақырымдық аламан бәйге, 15 шақырымдық топ бәйге, 10 шақырымдық құнан бәйге, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі және қошқар көтеру ұлттық спорт түрлерінен турнирлер өткізілді.

    Жарыс нәтижесінде кубоктардан, медальдар мен грамоталардан бөлек қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бас жүлдеге тігілген автокөлікті ең ауыр сайыс – аламан бәйгеден қара үзіп келген Жамбыл ауданының «Шұғыла» атты сәйгүлігінің иесі Ерсұлтан Серіков қанжығасына байлады.

    Қарасай ауданындағы «GÚLNAR BAQ» демалыс және спорт базасы сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы құмдағы волейболдан облыстық ашық турнир қатысушыларының және спорт ардагерлері командаларының басын қосты. Көтеріңкі спорттық көңіл күйді қалыптастыру үшін бар жағдай жасалған. Атап айтқанда, спорттық алаң дайындалып, құм жабындысы жаңартылып, жаңа торлар ілініпті. Командалар барын салып ойнады. Құмдағы волейбол бойынша ұйымдастырылған турнир барысындағы ойын тактикасы мен жаңашылдығы есте қаларлықтай әсер қалдырды. Жарыстың бас төрешісі Денис Ровкин: «Соңғы жылдары әуесқой волейбол деңгейі елеулі түрде артты. Мұндай сайыстарға бұрынғы кәсіпқойлар да атсалысып жатады. Мысалы, мен бұрнағы жылдары ұлттық лига сапында ойнағанмын. Қазір әуесқой лигада қуана өнер көрсетемін. Шындығында, бұл бәсекелерде бас төреші ретінде көрініп жүрмін. Дегенмен, әрбір команда волейболдан спорт шеберлерімен және спорт шеберлігіне үміткерлермен күшейтілген», – дейді.

    А және Б лигаларында тартысты өткен ерлер арасындағы волейбол сайысында Алматы қаласының өкілдері, «Шекара» және «Номад» командалары үздік өнер көрсетті. Ал әйелдер арасындағы жеңісті талғарлықтар иеленді. Ардагерлер арасында өткен жарыста Алматыдан келген команда жеңімпаз атанды.

    Бейбіт Мекеев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Әкімдік: Облысқа берілген ескі автобустар жөнделеді

    2 years ago
    Кәсіпкерлер палатасында жаңа құрам сайланады

    Кәсіпкерлер палатасында жаңа құрам сайланады

    4 months ago
    Алматы мен Жетісу облыстарында жол сапасы тексерілді

    Алматы мен Жетісу облыстарында жол сапасы тексерілді

    2 years ago
    Бала тәрбиесі – басты міндет

    Бала тәрбиесі – басты міндет

    1 year ago

    Мәслихат рөлін арттыру маңызды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>