-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Энергетиканы еселейді

    17.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Энергетика
    Энергетиканы еселейді

    АЭС

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

           Жамбыл ауданының Үлкен ауылында АЭС құрылысын салу мәселесі көптен беру көтерілуде. Осыған орай Қонаев қалалық Мәдениет үйінде атом электр стансасын салу турасында қоғамдық талқылау өтті. Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырған кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен облыс тұрғындары қатысты.

    Атом электр стансасын салудағы басты қажеттілік – елімізде өзекті болып саналатын электр энергиясына тапшылық мәселесін шешу. Талқылау барысында сарапшылар атом энергетикасын дамыту жоспары туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігіне баса назар аударды. Аймақ тұрғындары пікірталасқа белсене қатысып, өздерін толғандырған қауіпсіздік, экономика, экология мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.
    «Өркениеттің жетістіктерін тиімді пайдаланатын мемлекет қана дамып, алға жылжиды. Егер қуатты электр көзімен қамтамасыз етілмесе, ел дамудың жоғары деңгейіне жете алмайды. Экономиканы өркендету, өндірістер мен жаңа кәсіп­орындарды іске қосу үшін бізге АЭС салу қажет. Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, заманауи технологияларды дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біз жетістікке жетеміз», – деп түсіндірді Алматы облыстық «Семей полигоны мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Талғар ауданының Құрметті азаматы Нұрлыбай Мұсапиров.
    Сарапшылар Қазақстандағы атом электр стансаларында МАГАТЭ-нің қатаң стандарттарына сәйкес келетін III және III+ буын реакторлары қолданылатынын алға тартты. Ең бастысы, атом электр стансаларының экологиялық қауіпсіздігі және СО2 шығарындыларының ауаға тарамауы екенін баса айтты. Сондай-ақ мамандар қазір бүкіл әлемде қолданылатын радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеудің озық технологиялары туралы жан-жақты ақпарат берді.
    «Үлкен Су» ӨК бас инженері Сергей Третьяков атап өткендей, бұл шаралардың барлығы атом энергетикасын барынша қауіпсіз және экологиялық таза ету үшін қабылдануда. «Әлем өзгеруде, соған сай электр энергиясын тұтыну мөлшері де артуда. Ал 70-жылдары салынған электр стансаларымыз ескірген. Бізге тұрақты қуат қажет, ал атом энергетикасы – бұл қиындықтан алып шығатын жалғыз шешім. Иә, алаңдаушылық бар, бірақ қазіргі реакторлар қауіпсіз, ал Қазақстанның ауыр апаттарсыз атом технологияларымен жұмыс істеуде 57 жылдық тәжірибесі бар. АЭС арқылы таза энергия өндіріп, сыртқы шығындардан арыламыз. Сонымен қатар ол еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және толыққанды атом саласын құруға мүмкіндік береді», – деген сөзін ол былай түйіндеді:
    – Мен 1985 жылдан бері бұл құ­рылысты күтіп жүрмін. Бұл атом стансасы біздің балаларымыз және болашағымыз үшін керек деп есептеймін. Егер көрші ел бізге электр энергиясын беруден бас тартса, онда жарықсыз қалу қаупіміз бар. Көрші ел Қытайда АЭС бар, Өзбекстан құрылысын жүргізуде. Мен де ұрпағымның жарқын болашағын ойлай отырып, АЭС салу ісін қолдаймын.
    Қоғамдық талқылау барысында АЭС салуы арқылы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі қалыптасып, жаңа жұмыс орындары ашылып, аралас салалардың дамуына жол ашылатыны айтылды.
    Қазір атом электр стансаларына қызмет көрсету үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға ерекше назар аударылуда. Бұл туралы да сарапшылар жан-жақты айтып берді.
    Облыс тұрғындары қоғамдық талқылауда бейбіт атом энергетикасына қарсы еместігін білдірді. АЭС салу идеясын осы саланың ардагерлері де қолдап, энергетикалық дағдарыстан шығудың жалғыз шешімі осы екенін сенімділікпен жеткізді. Қоғам қай­раткерлері АЭС қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыратынын, ал жастар жаңа технологиялардың дамуын атом энергетикасымен бай­ланыстыратынын атап өтті.
    Қонаевтағы жария талқылау қазақстандық қоғамның атом энер­гетикасын одан әрі дамытуға дайын екенін көрсетті. Жиналғандар еліміздің жаңа заманның, яғни атом энергетикасы дәуірінің табалдырығында тұрғанын, оны болашақ ұрпақ үшін енгізіп, дамыту аса қажет екенін алға тартып, жобаны жүзеге асыруға қолдау білдірді.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Орны бөлек мереке

    Орны бөлек мереке

    2 years ago
    Құндылықтарға құрмет

    Құндылықтарға құрмет

    3 months ago
    МӘДЕНИЕТ ОТЫ МАЗДАДЫ

    МӘДЕНИЕТ ОТЫ МАЗДАДЫ

    5 months ago
    Апорт алмасы Қазақстан бренді болып тіркелді

    Апорт алмасы Қазақстан бренді болып тіркелді

    2 years ago
    ЕЛГЕ ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ КЕРЕК

    ЕЛГЕ ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ КЕРЕК

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>