Перейти к содержимому

Теңге ілуден ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Теңге ілуден Қазақстанның ұлттық құрамасы Алматы облысының Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр.

Бұл оқу-жаттығу жиынында көшпенділер ойындарына қатысатын үш теңгеші анықталады.
Еліміздің ең үздік теңге ілушілері 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында өз бақтарын сынайды. 5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады.

Ойындар алдындағы соңғы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі.

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында өтеді.