-13 °c
Qonaev
Monday, July 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенділік маңызды

    17.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Белсенділік маңызды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

            Іле ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы іс-шара өтті. Оны Қазақстан Респуб­ликасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және Іле ауданының әкімдігі бірлесе ұйымдастырды. Шара аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ тұрғындармен кездесіп, қоғам дертімен күрестің маңыздылығы мен оның алдын алу шаралары туралы айтты.

    Кездесу барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсеріне, оның елдің дамуына кедергі келтіретініне тоқтал­ды. Сондай-ақ, сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес, баршаға ортақ іс екенін, сол себепті мұнда әрбір азаматтың рөлі маңызды болып саналатынын атап өтті.
    Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы да ақпарат берілді. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамның осы мәселеге деген көзқарасын өзгертуге бағытталған. Топ мүшелері алдағы уақытта да мұндай кездесулерді жалғастырып, халықпен тығыз байланыста жұмыс істемек.
    Мобильді топ жұмысының негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатуына мүмкіндік ашу.
    Халықпен кездесуде ҚР Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, Іле ауданы әкімінің аппараты, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ТҮКШ және ТҮИ, төтенше жағдайлар бөлімдері, Өтеген батыр ауылдық округінің әкімдігі, орталық аурухана, «Мансап» орталығының өкілдері белсенділік танытты. Шараға қатысқан аудан тұрғындары да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, бұл кездесудің пайдалы болғанын жеткізді.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әр азаматтың белсенді болуы елдің болашағы үшін аса маңызды. Осы тұрғыда мобильді топ жұмысының тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қосар үлесі зор.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

    1 year ago
    Сақ болыңыз, чемокат!

    Сақ болыңыз, чемокат!

    11 months ago
    Жаңа мүмкіндік бастауы

    Жаңа мүмкіндік бастауы

    7 months ago
    Мектеп формасын қалай таңдаған жөн?

    Мектеп формасын қалай таңдаған жөн?

    2 years ago
    Алғыс арқалады

    Алғыс арқалады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.