-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Маңызды қадам

    02.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау
    Маңызды қадам
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

        Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылғы қоңыр күздің алғашқы күнінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бүгінде жұртшылықтың сенімін нығайтып, болашаққа деген үмітін үкілейтін маңызды құжатқа айналғаны ақиқат.

    Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы да көңілімізден шықты. Онда айтылған мәселелер – мемлекетімізді жарқын болашаққа бастайтін қадамдар. Әсіресе, елімізде электр қуатына деген қажеттілік күн санап артып келе жатқан бүгінгі уақыт бедерінде атом электр стансасын салу маңызы зор. Сондықтан Президент атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керектігін атап көрсетті. Осыған орай 6 қазанда жалпыхалықтық референдум өтетінін жариялады.

    «Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз, – деді Президент.

    Егер АЭС салынса, біріншіден, еліміздегі электр қуатының тапшылығы жойылады. Екіншіден, заманауи өндіріс орындарының қатары көбейеді. Бұл – Қазақстандай жерінің көлемі жағынан ешкімнен кем соқпайтын  мемлекеттің дамыған елдермен терезе теңестіре алатын дәрежеге қолы жетеді деген сөз. Сондықтан жаңалықты жатсынбай қабылдап, болашақтың қамы үшін жасалынар алып құрылыстың еш кідіріссіз елімізден ірге көтеруін қуана құптап, ұйымшылдықпен қолдау білдіргеніміз жөн. Жолдауда айтылған мәселенің бәрі орынды, көңілге қонымды болды.

    Бекболат БІРБАЕВ,

    Райымбек аудандық ардагерлер кеңесінің

    төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Жалпыға бірдей декларациялау 2025: Қалай дұрыс дайындалу керек?

    Жалпыға бірдей декларациялау 2025: Қалай дұрыс дайындалу керек?

    5 months ago
    QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне қазақстандық 21 ЖОО кірді

    QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне қазақстандық 21 ЖОО кірді

    5 months ago
    Берері мол басқосу

    Берері мол басқосу

    3 months ago
    Алматы облысында ауылды дамытуға әйел басшылардың қосып жатқан үлесі

    Алматы облысында ауылды дамытуға әйел басшылардың қосып жатқан үлесі

    2 months ago

    Әжелер өнегесі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.