-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    20.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Энергетика
    Жылыту маусымына дайынбыз ба?
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

            Бүгінгі таңда облыс көлемінде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық асқан мұқияттылықпен жүргізілуде. Аймақтың Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Қонаев, Алатау қалалары орталықтандырылған жылумен қамтылған. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 173 шақырымды құраса, олардың орташа тозуы 42 пайызды көрсетуде.

    Алдағы жылыту маусымына өткен жылы 8,8 млрд теңге бөлінген болса, биыл бұл қаражат көлемі 8,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде бюджеттен жылумен жабдықтау нысандарын жөндеуге 1,7 млрд теңге, отын сатып алуға 4,7 млрд теңге бөлінді. Мекемелер есебінен 1,9 млрд теңгенің жұмысын жүргізу жоспарланған. 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына алдын ала қажеттілік 15 млн литр дизель отыны мен 4,4 мың тонна көмірді құрап отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 300 мың литр дизель отынына және 200 тонна көмірге төмендеді. Отын сатып алуға қажетті қаражат толық көлемде бөлінді. Бүгінде отынның жеткізілген көлемі сұйық отын бойынша – 9,4 млн литр, қатты отын – 4,4 мың тонна.

    Биыл 43 қазандықты жөндеу жоспарланған. Оның 40-ы ағымдағы жөндеуді, 3-еуі күрделі жөндеуді талап етті. Бүгінде қазандықтардың жөндеу жұмысы аяқталды. Сонымен қатар Іле ауданында 10 қазандықты ауыстыруға бюджеттен 800 млн тенге бөлінді. Қазіргі таңда жоспар 50 пайызға орындалған.

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және қуат үнемдеу бөлімінің басшысы Ержан Әділет: «Іле ауданы Боралдай ауылында 5 қазандық жөнделуде. Боралдай ауылында жалпы 7 қазандық бар. Соның 4-уіне жөндеу жүргізіліп, жаңа қазандықтар қойылса, кейбірінің қуаттылығы арттырылды. Осы қазандықтардың құрылысы Боралдай ауылының тұрғындарын тұрақты орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыс бюджетінен жалпы Іле ауданындағы 5 жоба мен Боралдай ауылындағы 4 жобаны жүзеге асыруға 800 млн теңге бөлінген болатын. Шілде айында қаржы бөлінгеннен бастап мердігер анықталып, жұмыс жүргізілуде. Бүгінде қазандықтар орнатылып, ғимараттардың қабырғалары көтірілді. Бұйырса, осы айдың соңына дейін  төбелері жабылады. Содан кейін қазандықтарды іске қосып, тексеру жұмысы басталады», – деп мәлімдеді.

    Жылыту желілері бойынша 3,5 шақырымды жөндеу жоспарланса, соның 2,9 шақырымы күрделі жөндеуді, 0,6 шақырымы ағымдағы жөндеуді талап еткен. Бүгінгі күні аталған бағыттағы жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, бюджет есебінен 190 шақырым электр желілері қайта жаңартылады, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның қаражаты есебінен 4 қосалқы станса, 75,3 шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу және 110 қосалқы стансаға ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда орындалған жұмыс көлемі 193 шақырым электр желісі мен 104 қосалқы стансаны құрайды, кестеден арттақалушылық анықталған жоқ.

    Облыс аумағында 1102 әлеуметтік нысан жұмыс істейді, дайындық көрсеткіші – 1097 нысан немесе 99 пайызды құрайды. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт нысандары толығымен дайын, мәдениет мекемелерінің дайындығы  97 пайызды көрсетуде.

    Көппәтерлі тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен қамту бойынша да жұмыстар белсенді жүргізілуде. Облыс аумағында 1990 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 1890-ы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. Былтыр олардың қатары 1277 үй болса, биыл бұл көрсеткіш Еңбекшіқазақ ауданында жаңа 5 блокты-модульді қазандықтардың пайдалануға берілуіне байланысты өсті. Көрсеткішті арттыру үшін тағы 52 блокты-модульді қазандық орнату керек. Осыған орай Еңбекшіқазақ ауданында – 25, Талғар ауданында – 19, Іле ауданында 8 қазандықтың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізілуде. Аталған блокты-модульді қазандықтардың құрылысы 110 көппәтерлі тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Талғар ауданы бойынша бүгінде 4 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасалды. Тағы 4 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған 11 жоба мемлекеттік сараптамадан өту барысында.

    Дебиторлық берешек жағдайы бойынша оң динамика байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда, берешек 1 697,6 млн теңгеге төмендеді. Бүгінгі таңда дебиторлық берешек 499,8 млн теңгені құрайды. Олардың ішінде жеке тұлғалар – 40,9 млн теңге, заңды тұлғалар – 458,9 млн теңге берешек. Негізгі берешекті жылу және электр қуатын тұтынушылар құрауда. Атап айтқанда, жылумен жабдықтау бойынша өтелуі тиіс қарыз 16,4 млн теңгеге және электр энергиясы бойынша 468,3 млн теңгеге жеткен. Әкімдік берешекті өтеу қажеттілігі бойынша халықпен түсіндіру жұмысын жүргізуде. Жылумен жабдықтау бойынша берешек алдағы жылыту маусымы басталғанға дейін толық өтеледі деп күтілуде.

    Көмірге қажеттілік 714,3 мың тоннаны құрайды. Тұрғындарды қатты отынмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өңірлік операторлар көмір кен орындарымен келісімшарттар жасады. Бүгінгі таңда жинақтау орындарына 156,2 мың тонна көмір келіп түсті, орташа бағасы тоннасына 18500-23000 теңгені құрап отыр.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    «Ұлттық киім- ұрпаққа мұра»

    «Ұлттық киім- ұрпаққа мұра»

    1 year ago
    Ұзамай бәрі өз қалыбына  түседі деп үміттенеміз

    Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру жайы талқыланды

    2 years ago
    ЖҮРЕГІ  ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН

    ЖҮРЕГІ ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН

    3 months ago
    Инвестиция: Қонаевта жоспардың 45%-дан астамы орындалды

    Инвестиция: Қонаевта жоспардың 45%-дан астамы орындалды

    6 months ago
    Өкпе дерті өрши түскен

    Өкпе дерті өрши түскен

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.