🌡️
14°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жыл үздіктері анықталды

    23.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мемлекеттік тіл
    Жыл үздіктері анықталды
    0
    SHARES
    47
    VIEWS

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына қарасты «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық, ауылдық-округтік филиалдарының жылдық жұмысын қорытындылау мақсатында « Оқыту орталықтарының жұмысын жүйелендіру» атты облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

    Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы облыстағы ересек тұрғындарға мемлекеттік, ағылшын және орыс тіліндерін меңгеруге жағдай жасайды. Облыс аумағында аталмыш орталықтың 10 аудандық, ауылдық-округтік филиалдарында тіл үйренушілерге курс ұйымдастырады.

    Филиалдардың жұмысын қорытындылау және ынталандыру мақсатында байқау ұйымдастырылып, үздіктер ақшалай сыйлық және дипломмен марапатталды. Атап айтсақ,  «Креативті оқытушы» номинациясы бойынша Алматы облысының “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының Қарасай аудандық филиалының оқытушысы Іңкәр Нұрсапақызы Манапқан жеңімпаз атанды. «Үздік меңгеруші» атағына Жамбыл аудандық филиалының меңгерушісі Әйгерім Дәуітбекқызы Әбу лайық деп танылды. «Үздік ұжым» атағы Ұйғыр аудандық филиалының ұжымына берілді.

    Сонымен қатар, 2024 жылы 2600 тіл үйренуші мемлекеттік тіл курсын аяқтап, оның ішінде 1093 этнос өкілі қазақ тілін меңгерді. Белсенділігімен ерекшеленген тіл үйренушілер алғыс хаттармен марапатталды.

    Үздіктерді марапаттау сәтінде Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  басшысы Данияр  Ахметов: «Бұл байқау оқыту орталықтарының жұмысына жаңа серпін беріп, олардың сапалы қызмет көрсетуіне ықпал етеді. Осындай іс-шаралар облыста тіл саясатын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі» деп есептейтінін атап өтті.

    Марапаттау рәсімі «Талғар аудандық Мәдениет үйі» әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласып, шараға қатысушылар өзара пікір алмасты. Алдағы уақытта байқау жыл сайынғы дәстүрге айналып, оқыту орталықтарының өзара тәжірибе алмасу алаңына айналмақ.

    Ақжарқын Бейбітқызы,

    Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы

    Тілдерді оқыту, талдау, мониторинг бөлімінің басшысы

    Ұсынымдар

    Жаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысында білім беру саласы жүйелі жаңғыртылуда

    Жаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысында білім беру саласы жүйелі жаңғыртылуда

    2 weeks ago
    Алматы облысының Полиция департаментінде ашық есік күні өтті

    Алматы облысының Полиция департаментінде ашық есік күні өтті

    4 months ago
    Көшеде сауда жасағандарға базардан орын ұсынылды

    Көшеде сауда жасағандарға базардан орын ұсынылды

    2 years ago
    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    1 year ago
    Международная Иле-Балхашская ХХ регата

    Международная Иле-Балхашская ХХ регата

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>