-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлы тұлға есімі ұлықталды

    13.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мерейтой
    Ұлы тұлға есімі ұлықталды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    12 қаңтар-аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Осы айтулы күнге орай жыл сайын Ұлы тұлғаны еске алуға арналған іс-шаралары өткізіліп келеді. Дәстүрлі түрде ұйымдастырлатын игі шара биыл да өз жалғасын тапты.

    Қазақтың дана да дара перзенті Дінмұхамед Ахметұлын еске алуға арналған игі шара аудан орталығына кіре берісте орналасқан  «Д.Қонаев» атындағы саябақтағы Ұлы тұлғаның тұғырлы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Саябақ ішіндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Ұлы тұлғаның әруағына тағзым жасалғаннан кейін жиналған көпшілік ескерткіш алдында естелік суретке түсті. Мұнан соң алыс-жақыннан келген көпшілік аудан әкімдігі жанындағы Д.Қонаев ескерткішіне келіп, мұнда да  гүл шоқтары қойып, тағзым жасалды.

    Іс-шараға арнайы келген қонақтар Мәдениет үйінде жиналды. Алыстан ат терлетіп келген қонақтар аудандық кітапхана және аудандық өлкетану музейінің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған, көрмені тамашалап, ол жердегі Димекең жайында жазылған кітаптарды, сонымен қатар тіршілігінде өзі ұстаған  заттар мен дүниелерді көріп, таңырқап қарады.

    Өз дәуірінің кеменгері болған, дана халықтың дара перзенті,   Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай ұйымдастырылып жатқан еске алу кештің басталуында аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бақанас» театрының өнерпаздары дайындаған Димекеңнің өмір жолы мен қызметі жайында койылымды сахналады.

    «Заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында ұйымдастырылған кеште арнайы сөз кезегін алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев және ауданның Құрметті азаматы Сапарғали Сәтбаев Ұлы тұлғаның ел-жұртына сіңірген еселі еңбектерін тілге тиек етіп, Димекең жайында естелік әңгімелерін өрбітті.

    Шара барысында аудан әкімі Азат Құтпанбетов ауданға арнайы келген өз өнерін көрсеткен Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Секен Тұрысбековтың иығына шапан жауып, аудан азаматтары атынан астына ат міңгізді.   Ал Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев мәдениет саласына еңбек сіңірген ауданның бірқатар азаматтарын Алғыс хатпен марапаттады.

    Дана халықтың дара перзентін еске алуға арналған кеш «Үшқоңыр» фольклорлы – этнографиялық ансамбілінің және аудан өнерпаздары әуелете шырқаған әсем әндер мен мың бұралған бишілердің өнерін тамашалаумен жалғасты. Мәдени шара  соңында «Алихан» мейрамханасында Ұлы тұлғаның рухына арнап ас берілді. Құран-кәрім бағышталды. Ас та төк жайылған дастарханның басында да Димекең  жайында естеліктер айтылды.

    Кие қонып, бақ дарыған қасиетті Балқаш тарихында дара тұлға, халқымыздың Ұлы перзенті, «Елу жыл ел ағасы» атанған  жерлесіміз Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі алтын әріптермен жазылған. Олай деуіміздің себебі, көзі тірісінде еңбекқорлық пен адалдықтың символын көрсетіп, халқының қадірлі, ұлтының Ұлы перзентіне айналған Димекеңнің туған жеріне, туған еліне деген сүйіспеншілігі,  Балқаш өңіріне, оның ішінде «Ақдала алқабының» игерілуіне  сіңірген еңбегі  орасан зор.

    Сол себепті де, ауданымызда жыл сайын Дінмұхамед Ахметұлының туған күнін жоғары деңгейде атап өтіп, жас ұрпаққа Ұлы тұлғаның дара жолын насихаттау қанымызға сіңген қасиетіміз іспеттес. Тіршілігінде-ақ әулие атанған Димекеңнің Атамекеніне сіңірген өлшеусіз еңбегін, ел дамуына қосқан елеулі үлесін жастарға насихаттау, Ұлы тұлғаны ұлағаттау-Балқаштың дүйім ел- жұртының парызы десек ақиқаттан алшақ кетпеспіз.

    Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Халық саны 20 пайызға артты – Статистика

    Халық саны 20 пайызға артты – Статистика

    2 years ago
    Облыста құны 43 млрд теңге жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

    Облыста құны 43 млрд теңге жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

    1 year ago
    Рух пен сенім

    Рух пен сенім

    8 months ago
    Мәселе бір күнде шешілмейді

    Мәселе бір күнде шешілмейді

    9 months ago
    Абай облысындағы өрт әлі сөндіріліп жатыр

    Бас прокуратура: Өртке үш фактордың бірі себеп болуы мүмкін

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.