-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Таңдау – өз еркінде!

    31.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Таңдау – өз еркінде!
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысында орналасқан жалғыз жоғары оқу орны – Сулейман Демирел университеті маңызды форумдар, дөңгелек үстелдер мен пікірталастар өткізілетін орынға айналған. Осы жолы мұнда Қарасай ауданындағы студент жастар үшін нашақорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді. Осы іс-шара аясында «Таңдау сенде» тақырыбында интеллектуалдық  ойындар, сұрақ-жауаптар мен пікірталастар ұйымдастырылды.

    Аталмыш басқосуды облыстық полиция департаменті, аудандық полиция басқармасы, облыстық жастар саясаты басқармасы және аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастарған еді. Семинарда нашақорлықтың зияны туралы Қарасай аудандық клиникалық көпсалалы орталық ауруханасының нарколог-дәрігері Айша Ақшалова жастарға қарапайым тілмен айтып берді. Аудандық жастар ресурстық орталығының психологы Сәуле Сұлтанғалиева нашақорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше тоқталып, жасөспірімдер арасында интеллектуалды ойын өткізді.

    Құқық қорғау органдарының өкілдері де жұмыс барысында нашақорлықпен бетпе-бет келетін маман  ретінде бұл мәселенің өзектілігіне жастардың назарын аударды. Олар нашақорлардың, сондай-ақ есірткі өндіріп, сатумен айналысатын адамдардың тағдыры қайғылы аяқталатыны жайлы баяндады. Осы орайда нашақорлыққа  қарсы облыстық басқарманың бастығы, полиция подполковнигі Ардақ Қайсаров пен Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Елзат Қанатұлы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Олар жастарды өлкеміздегі  есірткіге қатысты  қылмыстар туралы жалпы статистикамен таныстырып, жиынға қатусушылар мен олардың жақындарын бұл жамандықтан аулақ болуға шақырды.
    Семинар-тренинг соңында құқық қорғау органдарының өкілдері қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етті. Бұдан бөлек, шара барысында нашақорлықтың алдын алу сипатындағы брошюралар таратылды.
    – Кәсіби мамандардың қатысуымен өткен бұл  семинар-тренинг жастарға ерекше әсер етті деп сенемін, – деді өз сөзінде Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жарқынай Садуова. – Барлық ақпарат қолжетімді түрде, өмірлік жағдайларды нақтылы көрсету арқылы  ұсынылды. Жастар айтылғандардың бәрін ескеріп, тиісті қорытынды шығарып, өмірде қателікке бой алдырмайтыңдай дұрыс таңдау жасайды деп үміттенеміз.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Үздіктер қатарында

    Үздіктер қатарында

    1 year ago
    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    9 months ago
    Ірі жобалар  жүзеге аспақ

    Ірі жобалар жүзеге аспақ

    1 month ago
    Жамбыл мұражайынан басталды

    Жамбыл мұражайынан басталды

    1 year ago
    Тазалық пен спорт – денсаулық кепілі

    Тазалық пен спорт – денсаулық кепілі

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.