-13 °c
Qonaev
Friday, June 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәжіліс ЖИ туралы заң жобасын мақұлдады

    14.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Парламент
    Мәжіліс ЖИ туралы заң жобасын мақұлдады

    Фото: gov.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Жасанды интеллект туралы» негізгі заң мен екі ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады.

    Баяндамашы депутат Екатерина Смышляеваның сөзінше, негізгі заң жобасы 7 тараудан және 28 баптан тұрады. Құжатта мынадай жаңшылдықтар бар:

    – жасанды интеллект саласындағы реттеудің, ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін бекітеді;

    – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың жасанды интеллект технологияларын пайдалану ерекшеліктерін айқындайды;

    – Үкіметтің жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы құзыреті кеңейтіледі;

    – жасанды интеллект саласындағы қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері нақтыланады.

    Ал ілеспе заңдардың бірі қолданыстағы заңнаманы осы Жасанды интеллект туралы негізгі заңмен сәйкестендіруге арналған.

    Мұнда:

    – жасанды интеллектті пайдалана отырып жасалған өнімдерге қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғауға;

    – жасанды интеллект жүйелері пайдаланатын дербес деректерді қорғауға;

    – ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеу мақсаттары үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті айқындауға;

    – жасанды интеллект жүйелері арқылы құрылған бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің таралу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жалған ақпараттың манипуляциясы мен таралуын болдырмауға бағытталған баптар бар.

    Тағы бір ілеспе заң жобасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске жасанды интеллект мәселелері бойынша түзетулер мен өзгерістер енгізуді көздейді.

    Бұл құжат бойынша жасанды интеллектпен айналысатын тұлғаларға әкімшілік жаза кесілетін екі жағдай көрсетілген.

    Нақтырақ айтсақ:

    – жасанды интеллект жүйесіне иелік етушілер пайдаланушыларды өзі ұсынатын генеративті жүйенің қызметінде адамды жаңылыстыруы мүмкін детальдер бар екенін жария түрде ескертпесе;

    – жасанды интеллект жүйесінің иелері адамдардың денсаулығына немесе әл-ауқатына теріс әсер еткен жасанды интеллект жүйелерінің тәуекелдерін басқарусыз қалдырса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    ҚазАқпарат

    Ұсынымдар

    Жеңіс Эстафетасы

    Жеңіс Эстафетасы

    2 months ago
    Ұйғыр ауданында спорт кешені ашылды

    Ұйғыр ауданында спорт кешені ашылды

    2 years ago
    Адал еңбек  бақытқа бөлейді

    Адал еңбек бақытқа бөлейді

    7 months ago
    Депутат Ардақ Назаров малшылар мәртебесі туралы айтты

    Депутат Ардақ Назаров малшылар мәртебесі туралы айтты

    2 years ago
    Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

    Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>