Перейти к содержимому

ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ — ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ НЕГІЗІ

Алматы облысы, Алатау қаласы, Заречный ықшам ауданында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы 3660 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерлік Ерланұлы Оспанкулов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауына байланысты өз ойымен бөлісті.
Ұлттық ұланның басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, стратегиялық нысандарды қорғау және халықтың бейбіт өмірін қамтамасыз ету. Әскери қызметшілер үшін бұл – Отан алдындағы қасиетті борыш. Әскер – халықтың қорғаны, мемлекеттің тірегі. Әскери қызметтің өзегі – тәртіп пен жауапкершілік. Әрбір сарбаз заңға бағынуды, елге адал қызмет етуді басты парызы деп білуі қажет. Президент айтқандай, заң үстемдігі мен ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттің берік іргетасы. Бұл қағидат тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Алатау қаласы – қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Жаңа нысандар салынып, халық саны артып келеді. Осындай жағдайда Ұлттық ұлан мен құқық қорғау органдарының, күзету мекемелерінің үйлесімді жұмысы айрықша маңызды. Қауіпсіздік – тек әскер мен полицияның ғана емес, бүкіл мемлекеттік органдар мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі. Осы бағытта бірлескен оқу-жаттығулар өткізіліп, стратегиялық нысандардың қорғалуы қамтамасыз етілуде. Мұндай шаралар тұрғындардың сенімін арттырып, қала тыныштығын күшейтеді.
Әскери қызметшілердің борышын адал атқаруы – жас ұрпаққа үлгі. Әскердегі әрбір сарбаздың жүрегінде «Мен – ел қорғаушысымын» деген сенім орнығуы тиіс. Сонда ғана мемлекетіміздің әтәуелсіздігі нығайып, болашағы баянды болмақ.
«Тәртіп – қауіпсіздік, қауіпсіздік – тәуелсіздік!»
— деп атап өтті 3660 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерлік Оспанкулов.

А. Абдыгалиева, лейтенант