Перейти к содержимому
Главная страница » Терроризмге қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің басты кепілі

Терроризмге қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің басты кепілі

Терроризм мен экстремизм қазіргі таңда әлемдік қауымдастық алдында тұрған ең күрделі қауіптердің бірі болып табылады. Ол қоғамдық тұрақтылыққа, азаматтардың қауіпсіздігіне және мемлекеттің тұтастығына тікелей қатер төндіреді. Сондықтан терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Алатау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында терроризм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары және азаматтық қоғам өкілдері өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқаруда.

Қала аумағында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер, семинарлар және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Аталған шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, күмәнді діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және жастардың радикалды идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастыру.

Әсіресе жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Білім беру ұйымдарында терроризм мен экстремизмнің зардаптары туралы түсіндіру сабақтары өткізіліп, интернет кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқылануда. Жастарға әлеуметтік желілер арқылы таралатын жалған ақпараттар мен радикалды мазмұндағы материалдардың қауіптілігі түсіндірілуде.

Сонымен қатар қаладағы халық көп жиналатын нысандарда, білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау ұйымдарында және басқа да маңызды объектілерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Терроризмге осал объектілердің қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі тексеріліп, қажетті профилактикалық шаралар қабылдануда.

Терроризмге қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті болып табылады. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін тұрғындардың қырағылығы, заң талаптарын сақтау мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі аса маңызды.

Алатау қаласында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Саурбаева Риза Санақызы

Алатау қаласының қоғамдық пікір көсбасшысы