Қауіпсіздік ережелері адамға бала кезден үйретілгені дұрыс. Үйде ата-ана, мектепте мұғалім баланың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға жауапты. Жолдан өту, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас және төтенше жағдай кезіндегі әрекет сияқты қарапайым ережелерді бала білуі керек. Баланың қауіпсіздігіне қатысты кез келген мәселені ересектер назардан тыс қалдырмауы қажет. Қауіптің алдын алу оның салдарымен күресуден әлдеқайда тиімді. Сондықтан қауіпсіздік мәдениетін күнделікті әдетке айналдыру маңызды. Саналы ұрпақ қауіпсіз қоғам қалыптастырады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ