-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Талаптың мініп тұлпарын…

    06.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Талаптың мініп тұлпарын…
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

             Шелек ауылында тұратын қаламгер Анарбек Бердібаев бала кезінен өнерге жақын болып өсті. Әуелі, ол сурет салуға талпынды. Ұлы Абайдың жырларын құмарта оқып, одан алған әсерін қағаз бетіне бейнелеуге асығатын.

    Ең алғаш ақынның:
    «Желсіз түнде жарық ай,
    Сәулесі суда дірілдеп.
    Ауылдың маңы терең сай,
    Тасыған өзен гүрілдеп», – деген өлеңіндегі табиғат көріністерін сурет­тегені, оны мұғалімінің мақтағаны есінен кетпейді. Сөйтіп жүріп бейнелеу өнеріне машықтанды, поэзияға да қалам тербей бастады. Тырнақалды туындылары аудандық газетке жиі жарияланатын.
    «Сөйлей-сөйлей шешен, көре-көре көсем боласың» демекші, кезінде жас талапкердің есімі әдеби шығармашылығы арқылы оқырмандарға тез танылды. Ол төселе келе суреттеме, очерк, фельетон жазуға көшті. Мектеп бітірген соң біраз уақыт ауылда құрылысшы болғаны бар. Бірақ ол қаламын қолынан тастамады.
    Қабілетті жасты аудандық оқу бөлімі назардан тыс қалдырмады. Қаратұрық мектеп-интернатында тәрбиеші әрі дене шынықтыру пәнінен сабақ берді. Кейіннен ҚазМУ-дың журналистика факультетін тәмамдап, Шелек аудандық «Еңбек туы» газетіне қызметке орналасады.Аптасына үш рет екі тілде шығатын аудандық басылымның қайнаған ортасында шыңдалды. Аудармамен де айналысты. Жергілікті радио хабарын тарату бөлімінің меңгерушісі болды. Ол, сонымен қатар, редакция мен баспахана бастауыш партия ұйымына жетекшілік етті. Саяси, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Аудандық тұтынушылар қоғамдары одағының басқармасында, Шелек аудандық әкімшілігінде бас маман болып еңбек етті. Өзіне қандай жауапкершілік артылса да, бәрінде ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізе алды.
    Анарбек Мөкішұлы Шелек ауданы таратылып, Еңбекшіқазақ ауданына біріктірілгенде журналистік қызметін «Еңбекшіқазақ» газетінің меншікті тілшісі ретінде Есікке бармай-ақ, қызметін өз өңірінде жалғастырды. «Тарихшы – көбіне өткенді саралаушы журналист» екенін дәлелдеп, тұлғалар туралы сериялы мақалалары жарыққа шықты. «Жер шежіресі – ел шежіресі» қағидасын да берік ұстанып, бұрмалан­ған ел мен жер атауларын қайта қал­пына келтіру жолында бірқатар деректі мақалалар жазды.
    А. Бердібаевтың «Ғұмыр – көш» атты өлеңдер жинағы оқырмандардың көңілінен шықты. Сондай-ақ, ұйғыр ақын-жазушыларының шығармаларын қазақшаға аударды. Мәселен, Жәмшит Розахунов, Исрайыл Розиев, Иминжан Тохтияровтың өлеңдерін, балалар жазушысы Авут Масимовтың «Ақ тышқан», «Айқасқа» атты пьесаларын ана тілімізде сөйлетті.
    Ақтаулық композитор Бақытжан Еламанмен бірігіп, «Мектебім», «Шұрайлы Шелегім», «Астанам – Ақ ордам», «Сарбаздар серті», «Қазақ елі», «Бабалар арманы – еркіндік», «Қазақтың ару қызы», «Қимас қалқам-ай!», тағы басқа әндердің сөзін жазды. Оның мақалалары бұрынғы республикалық «Социалистік Қазақстан», облыстық «Жетісу», басқа да басылымдарда жарияланды. Бүгінгі күнде қайта құрылған Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің де белсенді авторы.
    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Анарбек Бердібаев облыс әкімі­нің Алғыс хатымен марапатталған. Ба­лалары Олжас пен Айдос «Болашақ» бағ­дарламасымен АҚШ-та оқып, диплом алды. Өз мамандықтары бойынша же­місті қызмет етуде. Алты немере сүйген журналист ағамызға шығармашылық шабыт тілейміз.

    Ержан ОМАРОВ,
    Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    Алматы облысында «AMANAT» 350 оқушыны мектепке дайындады

    10 months ago
    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Тазалықты сақтау тәрбиеге үйретеді

    1 year ago
    Талап күшейеді

    Талап күшейеді

    9 months ago
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    2 years ago
    Ел тыныштығы –  ең маңызды мәселе

    Ел тыныштығы – ең маңызды мәселе

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>