-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсат

    13.07.2024
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсат
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

           Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Жамбыл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында халықпен кездесті. Жиынға көпбалалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

    Министр алдымен мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақытылы және толық көлемде орындалғанына тоқталды. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайыздан 60 пайызына дейін, биыл 65 пайызға дейін, ал ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 105 пайызға дейін ұлғайтылды. Ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасы 46 пайыздан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін артты. Алматы облысында зейнетақының жиынтық орташа мөлшері 152,7 мың теңгеден асты. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақылардың өсуі 9 пайызды құрады. Сондай-ақ ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы көлемі ұлғайды. Жалпы республика бойынша зейнетақы төлемдеріне 2023 жылы 3 трлн 313 млрд теңге жұмсалса, 2024 жылы 3 трлн 785 млрд теңге бағыттау жоспарлануда», – деді Светлана Жақыпова.
    Ары қарайғы сөзінде министр мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы мақсатында кешенді шаралар қабылданғанын жеткізді. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда. Әлеуметтік кодекс қабылданып, оған бірқатар қосымша қолдау шаралары енгізілді. Айталық, жөргектерді беру нормалары екі есе ұлғайды, «Спина бифида» диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдар жоғары сапалы катетерлермен қам­тамасыз етіледі, ментальды бұзылуы бар балаларға арналған санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну бойынша жоба іске қосылды, 1-топ мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілері үшін зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар аударылады.
    Министр халықты жұмыспен қамту­да қабылданып жатқан шаралар туралы да егжей-тегжейлі баяндады. «Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста 24,4 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтардың жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар және жастардың кәсіп­­керлік бастамаларын дамыту үшін жеңілдетілген микрокредиттер беруге ерекше назар аударылуда. Биыл облыста 260 грант және 392 микрокредит беру қарастырылған», – деді ол.
    Светлана Жақыпова Қазақстанның көші-қон саясатындағы жаңа тәсілдер, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру және еңбекті қорғауды жақ­сарту мен өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралардан да хабардар етті.
    «Мемлекет басшысы атап өткендей, басты міндет – халықтың әл-ауқаты мен табысын арттыру. Сондықтан министрліктің барлық қызметі мүдделі орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып атқарылады», – деп түйіндеді сөзін министр.
    Халықпен кездесуден кейін министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

    ***

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарасай ауданындағы бірқатар мекеме, кәсіпорында болды. Ең алдымен Шамалған ауылындағы сервистік әкімдік ғимаратына барды. Мұнда ауылдық округ әкімшілігімен бірге аудандық мансап орталығы, статистика, кірістер басқармалары орналасқан. Салалық мекеме жұмысымен облыс­тық еңбек мобильділігі орталығының басшысы Абылай Зуайда таныстырды. Кабинеттерді аралап шыққан министр қызметкерлерге орталықтандырылған ақпаратты тиімді пайдалану және сандық картада жұмыс істеу барысын түсіндірді.
    Бұдан соң осы ауылдағы көпсалалы кәсіптік колледжде заман талабына сай жабдықталған шеберханаларды аралап көрді. Оқу орнының дирек­торы Гүлнар Такимованың ай­туын­ша, мемлекеттен бөлінген 140 миллион теңгеге жаңа құрал-жабдық­тар алынған. Студенттерді ірі автокөлік компанияларында өндірістік тәжірибеден өткізу жөнінде келісімшарт жасалуда. 450 орынға арналған колледжде 57 оқытушы еңбек етіп, 540 студент білім алады. Мұнда аспаз, дәнекерлеуші, құрылысшы, көлік жөндеуші мамандары даярланады.
    Светлана Қабыкенқызы Алматы-Бішкек күрежолының бойындағы «Алатау Прогресс КЗ» Altamir» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігіне барып, жиһаз цехын көрді. Бас директор Берік Жиенбаевтың айтуынша, 2019 жылы іске қосылған кәсіпорынға 4 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қазір 100 адам еңбек етеді. Жылына 2 миллиард теңгенің тауарын шығара­ды. «Жайлы мектеп» жобасымен салы­нып жатқан мектептер үшін оқушы парталарын, кеңсе жиһаздарын жасайды.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қаскелең қаласын­дағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің оқу корпусында, кітап­ханасында болып, білімгерлерге жасалған қолайлы жағдайға қанықты. Осындағы мәжіліс залында облыстың жұмыс берушілерімен еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған мемлекеттік еңбек инспекторлары, кәсіпорын басшылары қатысты. Онда министр Қазақстанда 2030 жылға дейін қауіпсіз еңбек тұжырымдама­сын іске асыру шеңберінде енгі­зілетін өндірістік жарақаттануды төмендетудің жаңа тәсілдері туралы айтты. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері министрліктің ерекше бақылауында екенін атап өтті.
    Осы саладағы ағымдағы жағдай туралы алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың есебі тыңдалды. Ол қабылданып жатқан шараларға қарамастан, биыл Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша соңғы жылдары қалыптасқан оң динамиканы сақ­тау мүмкін болмағанын мәлімдеді. Осы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарын­да 700 жұмыскер зардап шекті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 пайызға артық. Сол 700 жұмыскердің 90-ы қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға өскенін көрсетеді.
    «Есепті кезеңде Алматы облысын­да өндірісте зардап шеккендердің саны 2023 жылдың ұқсас кезеңі­мен салыстырғанда 3 еседен астам өсті, өліммен аяқталған жарақаттар саны да 3 есеге артты. Өңірде ең көп зардап шеккендер құрылыс саласы­ның мамандары», – деді Төлеген Оспанқұлов. Адам өлімімен аяқталатын жазатайым оқиғаларға жұмыскердің еңбекті қорғау мен еңбек тәртібі талаптарын өрескел бұзуы, жол-көлік оқиғалары, жұмыс берушінің процесті дұрыс ұйым­дастырмауы себеп болуда.
    Жиында облыстық еңбек инспек­циясы басқармасының басшысы Талғат Өмірәлиев еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы және өндірістік жарақаттануды төмендету шеңберін­де жүргізіліп жатқан жұмыстар мен ағымдағы жағдай туралы баяндады. Жұмыс беруші кәсіпорындар өкілдері де сөз алды.
    Кеңесті қорытындылай келе, Светлана Жақыпова өткен жыл­дың соңында Үкімет қаулысымен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырым­дамасы бекітілгенін атап өтті. Облыс әкімдігі мен өңірдің жұмыс берушілері тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыскерлердің еңбегін қорғау жағдайларын қамтамасыз ету жұмысын күшейтуі қажеттігін айтты. Еңбек адамының өмірі мен денсаулығының қорғалу барысы қаралған жиын әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екенін көрсетті.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл, Қарасай аудандары

    Ұсынымдар

    Саяжайда – жаңа мектеп!

    Саяжайда – жаңа мектеп!

    7 months ago
    Есек жиғанның есебі қандай?

    Есек жиғанның есебі қандай?

    12 months ago
    Жұдырықтай жұмылып жатқаны қуантады

    Бұл апаттан алатын сабақ аз емес

    1 year ago
    Кәсіпкерлікке кең өріс

    Кәсіпкерлікке кең өріс

    7 months ago
    Татулық тірегіміз!

    Татулық тірегіміз!

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>