-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында орман өрті 2 есеге азайды

    15.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Төтенше жағдай
    Алматы облысында орман өрті 2 есеге азайды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Тілсіз жау айтып келмейді. Күн ысыса дала өрті өршитіні анық. Мамандардың айтуынша, наурыздың жиырмасы мен қарашаның бірі аралығы өртке қауіпті кезең деп саналады. Бүгінге дейін Алматы облысында 9 табиғи өрт оқиғасы болған. Салдарынан 2 млн. 221 мың теңге залал келіп, 5653 га жерді қызыл жалын шарпыды.

    Қазіргі таңда дала өртінің алдын алу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, 8-14 шілде аралығында Алматы облысының орман қоры аумағында төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен экология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы бірлескен жоспарға сәйкес «ОРМАН» республикалық профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

    Бір аптаға созылған шара барысында азаматтық қорғау органдары, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерінен мобильді топ құрылып, 34 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 3 жеке тұлға әкімшілік жауапкершіліккке тартылып, жалпы сомасы 553 мың 800 теңге айыппұл арқалады.

    Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Александр Пархоменконың сөзіне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл орман өрттері 2,5 есеге азайып, тиісінше материалдық залал көлемі де 9 есеге кеміген.

    Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған азаматтарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 367-бабына сәйкес айыппұл салынады. Тарқатар болсақ, жеке тұлғаларға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде, ал, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30-дан 250 АЕК көлемінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50-ден 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150-ден 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза беріледі.

    Өрт қауіпсіздігі мемлекеттік деңгейде тұрған басты мәселе. Сондықтан да мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт сөндіру саласында жедел ден қою шараларын қолдану құқығы берілді. Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұруды қамтиды. Бұйрыққа сәйкес, тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз бола алады.

    «Тексеру парақтарындағы тізімде өрт қауіпсіздігінің 81 талабы қамтылған, олардың бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкеліп соғады. Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі тізбенің барлық талаптары үшін бірыңғай, яғни 60 күнтізбелік күн болып белгіленген», – деді Александр Пархоменко.

    Ұсынымдар

    Еңбек етсең ерінбей…

    Еңбек етсең ерінбей…

    1 year ago
    Ескерткіш маңы тазаланды

    Ескерткіш маңы тазаланды

    1 year ago
    Қазақстан атом энергетикасының жаңа кезеңіне дайын

    Жас маман АЭС жөнінде: Басқа елдерден неге кенже қалуымыз керек?

    8 months ago
    ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    4 months ago
    Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    Жазғы маусымдағы қауіпсіздік: судағы тәртіп пен орман өртіне қарсы шаралар

    4 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>