-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Биікті бағындырған балуан

    26.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Биікті бағындырған балуан
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жуырда Иорданияда өткен Азия біріншілігінде Талғар ауданының тумасы Ербол Досымбекұлы грек-рим күресінен чемпион атанып, ауылдастарын үлкен қуаншқа бөледі. Аламан бәйгенің ай маңдайын ауылдастары әуежайдан шашу шашып, күмбірлеген күймен қарсы алды.

    Бұл спорт десе ішкен асын жерге қоятын Ерболдың алғашқы жеңісі емес. Он бір жасынан спортты жанына серік еткен ауыл баласының ауыз толтырып айтар жетістігі көп-ақ. 12 жасында жассөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды. Бұл жарыс оның спорт саласындағы жетістігінің алғашқы баспалдағына айналды. Қаршадай ғана қазақ баласы халықаралық, республикалық жрыстарда топ жарды. Елімізде жыл сайын өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында бірнеше дүркін чемпион атанып, ұлттық құраманың қатарына енді.

    Талапты бала 7-сыныптан бастап Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінде оқиды. Табыстың кілті еңбекқорлық пен табандылықта екенін жақсы білетін ол уақытын босқа өткізбейді. Болашағын спортпен байланыстырған оның оқу үлгерімі үздіктер қатарынан түскен емес. Өнер мен білімге, жеңіске деген құштарлығы табысқа жетелеп келеді. Спорт мектебінде оқып жүріп, Араб елдерінде өткен әлем чемпионатында 3-орын алды. Ал 2022, 2024  жылы жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында екі дүркін жеңімпаз атанды. Ол көптеген республикалық, халықаралық  додаларда грек-рим күресінен  белдескеннің белін, тірескеннің тізесін бүктіріп, ел абыройын асқақтатып жүр. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» демекші, дарынды ұлдары додаға аттанған сайын ауылдастары тілеуін тіліп, жеңісін күтіп отырады. Ал ең басты тілекшісі ата-анасы екені сөзсіз.

    Ербол Досымбекұлы көпбалалы отбасынан шыққан. Әкесі Досымбек – балаларының алаңсыз білім алуы үшін жанын салып жүрген азамат. Ал анасы Жұлдыз алты баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырған «Күміс алқа» иегері. Балаларын жастайынан еңбекке, адамгершілікке, кішіпейілдікке баулып келе жатқан ата-ана бала тәрбиесін қашанда басты орынға қояды.  «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай солай жүреді» дегендей, Ерболдың бауырлары да мектебінің мақтанышы, оқу үздіктері. Өмірінің мәнін спорттан іздеген жас балуан болашақта олимпиада чемпионы болуды армандайды. Кішкентай кезінен жеңіс тек еңбекпен ғана келетініне көз жеткізіп өскен ол уақытының басым бөлігін жаттығу алаңында өткізеді.

    Ерболды бала кезінен спортқа баулыған жаттықтырушысы Бағжан Ұзақбаев: «Елімізде грек-рим күресінің дамуы жоғары деңгейде деп айтсақ болады. Бұл салада бағы жанғандарды ел есінен шығарған жоқ.  Солар салған сара жол бүгінгі жастарға жол ашуда. Бүгінде Жақсылық Үшкемпіровтің ізін жалғап, бой түзеген жігіттердің қатары толығуда. Ал Ербол Досымбекұлы болашағынан зор үміт күттіретін спортшы.  Ол маған келгенде он бір жаста еді. Сол кезден-ақ жанарынан жалын оты ұшқындап тұратын. Ол өте еңбекқор. Мен оның ертеңіне сенемін. Шәкіртімнің алдағы әлем  чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінуін тілеймін. Шәкірті биіктен көрінсе, ұстаз үшін одан асқан бақыт жоқ», – деді.

    Ауданымыздың мақтанышын алда талай толағай табыстар күтіп тұрғаны даусыз. Біз де Ербол Досымбекұлын жеңісімен құттықтай отырып, биіктерден көрінуіне тілектеспіз.

    Зорагүл Әбдіқадір,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Кәсіпкерлерге 370 млн тг мемлекеттік грант бөлінді

    Кәсіпкерлерге 370 млн тг мемлекеттік грант бөлінді

    3 months ago
    Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

    Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

    10 months ago
    Құтқарушы – қиындыққа толы қызмет

    Құтқарушы – қиындыққа толы қызмет

    11 months ago
    Президент тасқынмен күресте қазақстандықтарға алғыс білдірді

    Президент тасқынмен күресте қазақстандықтарға алғыс білдірді

    1 year ago
    Мемлекеттік қызмет

    Әдеп кодексі әр мемлекеттік қызметкердің бойтұмарына айналуы тиіс

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>