-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаһандық жарыс

    29.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жаһандық жарыс
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

           Қапшағай су қоймасын­да «OCEANMAN Kazakhstan – 2024» атты ашық суда жүзуден халықаралық жарыс өтті.

    Мақсаты – салауатты өмір салтын және су спорты түрлерін насихаттау, жүзушілердің кәсіби деңгейін арттыру. Байрақты бәсекенің салтанатты ашылу рәсімінде сөз облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке берілді.
    – Бұл халықаралық жарыс өңірі­мізде үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Мұның Қапшағай су қоймасында ұйымдастырылуы – біздің облысқа берілген айрықша сенім және зор мақтаныш. Осындай шаралар арқылы халық арасында бұқаралық спортты насихаттау мен тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бүгінде аймақта жарты миллионға жуық адам тұрақты түрде спортпен айналысады, бұл облыс халқының 39 пайызын құрайды. Алдағы жылдарда бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу жоспарда бар. «Oceanman» әлемнің ең әдемі табиғи орындарында 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – біздің өңір үшін ғана емес, ел бойынша маңызды оқиға. Бұл жерде көптеген елдің әуесқой жүзушілері кім мықтыны анықтау үшін бәсекеге түседі. Биыл жүзудің бес түрі бойынша 17 елден 2500-ден астам спортшы қатысып отыр. 3000 шамасында жанкүйер жиналды. Осындай ауқымды спорттық сайыстар жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап, тәрбиелеуге септігін тигізіп, елімізде спорт пен туризмнің дамуына серпін береді, – деді облыс басшысы.
    Одан кейін сөз алған «Freedom Life ӨСК» АҚ-ның спорттық директоры Евгений Азарьев, «Doscar Group» ЖШС басқарма төрағасы Ғалымжан Иманғалиев баршаны дүбірлі дода­ның ашылуымен құттықтап, қатысу­шыларға сәттілік тіледі.
    – «Oceanman»-ға ниет білдірген кәсіпқойлар да, әуесқойлар да қатысып, жүзуді жаңа бастағандар 1 және 1,5 шақырымда бақ сынаса, тәжірибелі жүзушілер 5 және 10 шақырымдық жарыс жолына шықты. Балалар 800 метр қашықтықта сын­ға түсті. Қатысушылардың қарасы мол. Барлығын жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқаны үшін облыс әкімдігіне, қолдау көрсеткені үшін демеушілерге алғысым шексіз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер күзде Дубайда өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды, – деді «Oceanmen» франшизасының иесі Фермин Эгидо.
    Биылғы жарыстың бір ерекшелігі лотерея ойнатылып, жарыстардың әрбір қатысушысының арнайы жүлдені жеңіп алуға мүмкіндігі болғанын атап өткен жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 24 жүзу құралы мен 6 ірі төтенше жағдай қайығы қызмет көрсетті.
    – Әуесқойлар үшін «Oceanman»-нің Қазақстанға келуі – маңызды оқиға. Өзімнің ашық суда жүзумен айналысқаныма үш жыл болды. Маған Қапшағай су қоймасы жақсы таныс. Мұнда үшінші рет келіп тұрмын. Бассейн мен ашық суда жүзудің айырмашылығы бар, – дейді Астанадан келген қатысушы Айжан Теміртас.
    Қапшағай айдынында екі күнге созылған жарыстың қорытындысында 10 шақырымдық «OCEANMAN» сайысында ерлер арасында Дамир Гафаров (16-19 жас), Павел Комаров (30-39 жас), Денис Коломеец (40-49 жас), Олег Носов (50-59 жас) 1-орынға ие болды. Бұл кезеңде әйелдер арасында Карина Өзбекова (16-19 жас), Юлиана Мотовилова (20-29 жас), Айя Маштиева (30-39 жас), Ирина Лазарева (40-49 жас), Ким Стюбер (50-59 жас) 1-орынды еншіледі. Жас санаттары бойынша ерлер арасында Микита Шарапай, Малан Родриго, Серік Қосалбеков, Алексей Лазарев, Алмас Жекеев, Сергей Маджипа, Қуаныш Асқар 5 шақырымдық «Half oceanman» жеңімпазы атанса, әйелдер арасында Анастасия Меркелова, Карина Ардашева, Наталья Костенко, Галина Резванцева, Алевтина Мұхамедалиева, Ирина Титова жеңіс тұғырынан көрінді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

    Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

    4 weeks ago
    Жөнсіз қоқыс полигондары мәселесін шешуді тапсырды

    Жөнсіз қоқыс полигондары мәселесін шешуді тапсырды

    2 years ago
    Әке өнегесі

    Әке өнегесі

    7 months ago
    Экологиялық маңызға ие жоба

    Экологиялық маңызға ие жоба

    2 weeks ago
    Суды тиімді пайдалану – уақыт талабы

    Суды тиімді пайдалану – уақыт талабы

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.