-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    ДАЛА ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

    01.08.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    ДАЛА ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

    Егістік

    0
    SHARES
    10
    VIEWS

          Ерте көктемнен кетпен-күректерін қолға алып, егіс алқаптарына егін егуге шыққан диқандардың алажаздай төккен терінің өтелер шағы келді. Өйткені олар арпа-бидай ору жұмысын бастап, дала төсін дүбірге бөлеп, жұмыс қарқынын күннен-күнге күшейтуде.

    Жалпы Балқаш ауданы көлемінде биыл 29380 гектар суармалы жерге егін егілген болса, оның 6698 гектарына күріш, 6131 гектар жерге арпа-бидай, қалған егістік алқабында көпжылдық шөп өсіріледі. Бүгінгі таңда аудан диқандары арпа-бидай егілген егістік алқабының 3300 гектарын бастырып үлгерген. Ауылшаруашылық саласы маман­дарының болжамына сүйенсек, олар егістік алқаптың әр гектарынан 18 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Егін ору жұмысы аудан әкімінің тікелей назарында тұрғандықтан, осы салаға жауапты мамандар егіс алқабын жіті бақылауға алған.
    Ерте тұрып, кеш жатып, күні бойы дала төсінде жүрген диқандардың жай-күйін көзбен көру мақсатында Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет пен ауыл шаруашы­лығы бөлімінің басшысы Дархан Төлеубек өңіріміздегі алдыңғы қатар­лы шаруашылықтардың бірі – «Агрофирма Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы барып қайтты. Біз атбасын бұрған шаруашылық директорының орын­басары Аршын Жақыпов пен бас гидротехнигі Әлімжан Ахметовті және механизатор Алмас Амангелдіні егіс алқабында жүрген жерінде жолықтырдық. Егін орағына жауап­ты мамандардың айтуынша, 1360 гектар суармалы жерге егілген бидай­дың бүгінгі таңда 527 гектары бас­тырылған. Әзірше әр гектарынан 26,6 центнерден өнім алынуда. Бұл жауапты науқанға шаруашылық бойынша тоғыз «Енисей – 1200», үш «ҮТО» комбайны және он екі «МТЗ – 1221», екі «ҮТО» тіркемелі тракторы жұмылдырылған.
    Сапар барысында Марлан Халдиханұлы «Агрофирма Бірлік» ЖШС дирек­торының орынбасарына мол өнім алу жайында бірқатар сұрақ қойып, қандай тыңайтқыш қолданылғанын сұрады. Егін егудің қыр-сырын жіті меңгер­ген маман ерте көктемнен бастал­ған жұмыс жүйесін жіпке тізгендей баяндап, «Ең бастысы ауыспалы егіс алқабының ережесі сақталса, құнар­лы топыраққа сіңірілген дәнді-дақыл мол өнім береді» деген өмірлік тәжіри­бесімен бөлісті.
    «Диқан жерін анасындай сүйеді, жер диқанға баласындай иеді» дегендей, Жер-Ананы қадір тұтқан қауымының атқарып жатқан бүгінгі ісі жемісті болып, алажаздай балаша баптаған алтын астығы мол өнім береріне сенім мол.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    «Наурыз» ықшамауданы

    «Наурыз» ықшамауданы

    3 months ago
    Бала құқығы

    Балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

    2 years ago
    Елімізде вейпке тыйым салынды

    Елімізде вейпке тыйым салынды

    12 months ago
    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    2 years ago
    Президент апат болған Костенко атындағы кенішке барды

    Президент апат болған Костенко атындағы кенішке барды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.