-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенділік танытты

    05.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы
    Белсенділік танытты
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

             Алматы облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында іскер әйелдер кеңесі өтті. Кеңеске облыстың белсенді азаматтары мен іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Ботабекова қатысты. Шара шеңберінде жарты жыл бойы аталған кеңес көмегімен атқарылған жұмыс қорытындыланып, сала бойынша баяндама жасалды.

    Жиында айтылғандай, биыл қаңтар айынан бастап Алматы облысы бойынша 1500-ден астам қыз-келіншекке көмек көрсетілген. Баршаға белгілі, Іле ауданында әйелдерге арналған коворкинг орталығы ашылған болатын. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы әйелдерді қолдау мақсатында өз тарапынан құжаттарды реттеу, бизнес-кеңес, құқықтық қорғау, кәсіпкерлердің біліктілігі, кәсіпті дұрыс дамыту бағыттарында үнемі көмек көрсетіп келеді.
    Есепті басқосуда кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің Қарасай аудандық бөлімінің төраға орынбасары Әсел Жылқыбаева атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Спикер өз сөзінде сала бойынша әйелдерге оқыту жұмысы жүргізілді және аудан прокуратурасымен бірлесіп, инвесторлармен кездесулер мен жеңілдетілген несиелеу бойынша жобалар жүзеге асырылып, 100-ге жуық түрлі бизнес-жоспар жасалғанын атап өтті. Алматы облысын қамтитын зейнеткерлерге арналған «Ұзақ өмір сүру» деп аталатын арнайы орталық ашылды. Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында іскер әйелдер кеңесі балабақша құрылтайшыларымен бірге биометриялық идентификациялау бойынша түсіндірме жұмыстарын да жүргізіп отырады. «Таза Қазақстан» акциясына да әйелдер кеңесі біршама үлесін қосты. Айта кетсек, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті дәріптеу мен қоршаған ортаны аялау мақсатында кәсіпкерлермен бірлесе облыстың қоғамдық орындарында тазалық жұмысы, ағаш отырғызу, гүл егу сынды істер атқарылды.
    Қазіргі кезде облыста 138 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Соның 42 пайызы – әйелдер қауымы. Демек, әйелдер өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, банк қызметтерінде, жеке кәсіпкерлікте әртүрлі маңызды қызметтер атқаруда. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ержан Дүйсекенов: «Өңірдегі әйелдердің кәсіпкерлік ортадағы белсенділігін күшейту және экономикалық бастамаларын қолдау мақсатында іскер әйелдер кеңесі жұмыс атқарады. Олар көптеген істе белсенділік танытып, алдыңғы қатарда жүреді. Мәселен, алдағы уақытта іскер әйелдердің ұйымдастыруымен Қонаев қаласында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтеді», – деп жиынды қорытындылады.

    Назерке Ермекқызы,
    облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

    Ұсынымдар

    Жол апаты азаймай тұр

    Жол апаты азаймай тұр

    3 weeks ago
    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    Елімізде 20 су қоймасы салынады

    1 year ago
    Өркенді өңір тынысы

    Өркенді өңір тынысы

    5 months ago
    Облыста балық аулау бойынша 86 заң бұзушылық тіркелді

    Облыста балық аулау бойынша 86 заң бұзушылық тіркелді

    1 year ago
    Адам саудасы алаңдатады

    Адам саудасы алаңдатады

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.