-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

    09.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі
    0
    SHARES
    29
    VIEWS

    Көптің көкейіндегі тұрғынүйге қатысты сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Айдын Бегімбеков жауап берді.

    Айдын Бегімбековтың сөзінше, облыста 40 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр. Олардың 4 мыңнан астамы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 11 мыңы көп балалы аналар. Былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 214 пәтер кілті табысталса, биыл 821 баспана беру жоспарланған. Сонымен қатар, спикер өңірде баспаналы болуға “Бақытты отбасы”, “7-20-25”, “5-10-20” бағдарламалары қарастырылғанын еске салды.

    Баспасөз мәслихатында спикер тұрғын үй мәселелерінен бөлек, газдандыру, сумен қамту, энергетика салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
    Спикердің айтуынша, өңірдегі басты мәселелердің бірі – газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда газдандырудың өңірлік схемасы бойынша 284 елдімекен газдандыруға жатады.
    «Биыл өңірді газдандыру көрсеткішін 52,8 пайызға дейін жеткізу және 150 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қалған 134 елдімекен “Алматы облысын 2030 жылға дейін газдандырудың өңірлік схемасына” сәйкес көгілдір отынмен қамтылады», – дейді Айдын Бегімбеков.

    Ал тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында былтыр 44 жобаны және су бұру бойынша 15 жобаны іске асыруға 31 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, «Әрбір елдімекенде таза ауызсу» ұлттық жобасы әзірленді, облыс бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 90 жоба енгізілді. Жоба аясында 2 қала және 79 ауылда желілерді қайта жаңарту, сондай-ақ 6 ауылда жаңа құрылыс жоспарланып отыр. Нәтижесінде, жабдықтау желілерінің тозуы 47 пайызға дейін төмендеп, ауылдық елді мекендер орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 95 пайызы қамтылады деп атап өтті.

    Ұсынымдар

    Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

    Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

    3 weeks ago
    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    Абай облысындағы өрт оқшауланды

    2 years ago
    Ауылды дамытуға жол ашады

    Ауылды дамытуға жол ашады

    10 months ago
    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    Атқарылған жұмыстар талқыланды

    10 months ago
    Үздік мектеп атанды

    Үздік мектеп атанды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.