Теңге ілуден ҚР ұлттық құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын үш үздік спортшыны анықтады.
Еліміздің ең үздік 6 теңге ілушісі Көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты.
Спортшыларымыз «Қос құлаш», «Бес белес», «Жеті құт» стилдері бойынша бақ сынады. Іріктеу қорытындысы бойынша, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын келесі спортшылар қорғайды:
— «Бес белес» стилінен Бекнұр Серіков;
— «Жеті құт» стилі бойынша Бақыт Төлтай;
— «Қос құлаш» стилінен Рахат Қамбаров.
