-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аналардың үлгілі ісі

    17.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Аналардың үлгілі ісі

    Аналар

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           «Әр елдің иесі бар, әр жердің киесі бар, иесі – жайлаған жұрты, киесі – рухы, құты» дегендей, біздің Балқаш жері – аты аңызға айналған батырлардың, ақындардың, абыздардың қасиет тұнған құт мекені. Ғасырға жуық тарихы бар, ырыс ұялап, құт қиялап, қыдыр дарып, бақ қонған, ата-баба дәстүрін ардақтап, қазақы қасиеті сақталған ел.

    Осындай кие тұнған жерімізде ел ертеңі жастарды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен, салт-дәстүріміз бен рухани қазыналарымыздың қайнарынан сусындату – аға буын парызы. Бұл ретте қоғамдық ұйымдардың атқарып жатқан қызметі зор.
    Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында еліміздегі бірлік пен татулыққа негіз болып отырған, республикалық аналар кеңесіне қолдау көрсету туралы ауқымды мәселені көтерген болатын. Ол өз сөзінде: «Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Ұрпаққа отбасында дұрыс тәрбие беру керек. Бұл – айрықша маңызды міндет. Сондықтан республикалық аналар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсету қажет», – деп атап өткен еді.
    Бұл – Мемлекет басшысының отбасын ынтымаққа ұйыстырып, жұртын бірлікке жұмылдыра білетін аналарға деген үлкен сенімі. Сондай-ақ ­Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауларында адал азамат тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударып келеді. Президент тапсырмасы баршаға ортақ болғанымен, бұл ең алдымен, бейбітшілік пен отбасы құндылығын ұдайы жоғары орынға қоятын ел аналарына үлкен жауапкершілік жүктейтіні айқын. Бүгінгі күні әйел-аналар қоғамымыздың барлық саласында белсенділік танытуда. Олар қандай қызмет атқарса да, аналық міндетін қатар алып жүріп, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді.
    Мен – Балқаш аудандық «Ақжүніс» әйелдер қоғамдық бірлестігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерінің бірімін. Осы ұйымдардағы ауқымды да маңызды міндеттерді жергілікті басқару органдарымен, Балқаш аудандық ардагерлер кеңесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалы, облыстық қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық филиалымен бірлесе атқарудамыз. Ардагерлердің лайықты ­тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын, қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында ұлтаралық береке-бірлік пен тұрақтылықты насихаттау, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асырып келеміз. Аталған ұйымдардың төрағалары – кешегі ауданымыздың өсіп-өркендеп дамуына, экономикасы мен әл-ауқатының артуына еселі еңбегімен үлес қосқан бүгінгі еңбек ардагерлері. Осы істердің шынайы куәгері ретінде ауданымыздағы қоғамдық кеңестер мен ұйымдарға үлкен қолдау көрсетіп отырған аудан басшылығы мен ішкі саясат бөліміне ризашылық сезімімді білдіремін.
    Қоғамдағы қазақ аналарын біріктіру арқылы жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрді заманауи үлгіде өмір салтына енгізу жолындағы мұрат-мүддесі, мақсат-міндеті ортақ, өз бағытында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын басшылыққа алып, жұмыс атқарып отырған аудандық аналар кеңесінің жөні бөлек. Ал қазақ ұлтының салт-дәстүрі, ділі, ана тілі, ұлттық киімін, аналар бас киімінің пірі саналатын ақ кимешек пен ақ жаулықты насихаттап, шаңырақтағы береке-бірлікті, ибалы, инабатты ұрпақ тәрбиелеуді болашаққа аманаттау игілікті жобасын жүзеге асыруды мақсат тұтқан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан қызметі тіпті зор. Ал ұлттық тәрбие негізінде жас ұрпақтың дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, отбасы ұлағатын үлгі етіп, қоғамда салауатты өмір салтын насихаттап, мәдени-көпшілік шаралардың да жоғары деңгейде өтуіне «Ақжүніс» әйелдер қауымдастығы өз үлесін қосып келеді. Біздер, аналар, зорлық-зомбылықтың алдын алу, ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, қазіргі замандағы отбасы құндылықтары жайлы семинар-кеңес, тәрбиелік, тағылымдық мәні зор, түрлі тақырыптық жиындар, кездесулер, көшпелі отырыстар мен дөңгелек үстелдер, қолөнер көрмелері мен түрлі байқаулардың өтуіне себепші болып келеміз.
    Аға ұрпақтың үлгілі ісін, ұлт ұлағатының үрдісін, өлке тарихына қатысты танымдық-тағылымдық деректер мен ұрпаққа мирас болған көне құнды жәдігерлерімізді, ашық аспан астындағы мұражайларымызды, тарихи орындар мен қасиетті жерлеріміз бен киелі мекендеріміз, ұлттық өнеріміз бен рухани қазыналарымызды насихаттап, жастарға тәрбие беруде аудандық тарихи-өлкетану музейі, кітапхана, Мәдениет үйімен бірлесе атқарған шараларымыздың жас ұрпаққа берері мол болды.
    Өткен жылдың соңында Алматы қаласында өткен Түркі халқы әйелдерінің II құрылтайына Балқаш аудандық «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Дәстүрге жол», «Ана құрметі» медальдарының иегері Дина Әзімшайыққызы екеуміз делегат болып сайланып, Түркиядағы Анталия қаласында өткен «Түркі әйелдері – ұлт тәрбиесінің шамшырағы» атты форумға Қазақстаннан барған 16 әйелдің қатарында қатысып, қазақтың ұлттық киімін насихаттап қайттық.
    Өңірдегі аналар мен ардагерлер ұйымдары өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне үлес қосып, түрлі табиғат апатынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуде қайырымдылық акцияларына қатысып, ізгілікті істі насихаттап келеді.

    Зәуреш ДЕМЕУҚҰЛОВА,
    Балқаш ауданының
    Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Қаламгерге құрмет

    Қаламгерге құрмет

    8 months ago
    Отанға қызмет

    Отанға қызмет

    7 months ago
    Қапшағай су қоймасы

    Әкім: Алматы облысында 2 үрмелі канал салу керек

    2 years ago
    Тұмаудан сақтаныңыз!

    Тұмаудан сақтаныңыз!

    5 months ago
    Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың – Демеу Жадыраев

    Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың – Демеу Жадыраев

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>