-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әділдік жолында

    22.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Әділдік жолында
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Еңбек дамды адалдық, табандылық, жауапкершілік ­сияқты ­қасиеттерге баулып, игілікке жеткізеді. Осы орайда ел ­Президенті  ­Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз  айтып жүрген  ­Әділетті  Қазақстанды  адал азаматтар құрады. Отаныңа, отбасына  адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің  белгісі. Адал  еңбек  етіп, адал  табыс  тапқан  адам жетістікке  жетеді, құрметке  ие  болады. Әр  салада  адалдық басты  орында  тұрса, әділ  қоғам орнайды. Жемқорлыққа  жол  берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Жалпы, әділетті ­Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз қажет», – деген еді.

    Бүгінгі ортаға салар ойым, өз ісін халқы үшін арнап, өңірде абыройлы еңбек еткен, адамды, оның өмірін мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау міндеттерін адал атқарған азаматтардың бірі – Ұйғыр ауданының прокуроры болған Бауыржан Қибраев туралы болмақ. Бауыржан 16 тамыз күні Қонаев қаласында өткен Алматы облысы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғанын көріп, қатты қуандым. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жақсы адам туралы айту менің ардагер-ұстаз ретінде парызым деп білемін.
    Бауыржан Маратбекұлы Ұйғыр аудандық білім бөлімімен бірлесіп, №1 Шонжы мектеп-лицейінде «Прокурордың жас көмекшісі» атты клуб құрды. Прокурордың ісіне, киген формасына қызыққан оқушылар білім мен тәрбие саласында үлкен серпілістерге ие болды. Аудандық прокуратура ғимаратына жас көмекшілерді апарып, ішкі жұмыспен таныстырды. Оқушылардың сол ғимаратқа баруы үлкен жауапкершілікті қалыптастырды. Игі бастама кезінде Алматы облысында қызмет істеген, үлкен абыройға ие болған прокурор ­Өтеген Сейітұлының 100 жылдығын атап өтумен жалғасты. Шара шеңберінде Өтеген Сейітұлының атындағы арнайы сынып ашылды. Сондай-ақ, Алматы облысы прокуратурасының «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Ұйғыр ауданының прокуратурасы мен аудандық білім бөлімі «Прокурордың жас көмекшісі» клубының мүшелеріне Шарын шатқалы мен Ерен тоғайын көрсетіп, «Құқықтық білім және экотуризм: жас прокурорлардың миссиясы» атты экскурсия және оқыту семинарын ұйымдастырды.
    «Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс», деген Мемлекет басшысының сөзі әрбір қазақтың ұстанымы болса, алынбайтын қамал жоқ. Бауыржан отаншыл, білімпаз, еңбекқор, әділ қасиетінен танбай, Ұйғыр ауданында бала тәрбиесіне қосқан өнегелі еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданында әрі қарай жалғастырады деген сенімдемін. «Адам еңбегімен ардақты, мінезімен қадірлі», сондықтан осындай халыққа адал қызмет ететін Бауыржандай азаматтар көбейе берсін! Ісі мен сөзі бір жерден шығатын Жаңа Қазақстанның прокуроры Бауыржан Маратбекұлына ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеуде табандылық пен табыс тілеймін.

    Рая САРТОЛОВА,
    ҚР Білім беру ісінің озаты,
    Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Жылдарға жалғасқан жырлар

    Жылдарға жалғасқан жырлар

    1 year ago
    Асылы Осман, Гүлнәра Ходжабергенова

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

    2 years ago
    Ардагерлер “Алматы-Қонаев” марафонын бағындырды

    Ардагерлер “Алматы-Қонаев” марафонын бағындырды

    5 months ago
    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    Наурыз мерекесінде Мәдениет үйі ашылды

    2 years ago
    Үш дүркін  әлем шыңын бағындырды

    Үш дүркін әлем шыңын бағындырды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.