-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бетбұрыс басталды

    02.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау
    Бетбұрыс басталды
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

           Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын тапжылмай отырып тыңдадым.  Шынымды айтсам,  өз басым осы Жолдау кезінде Президент елімізде атом электр стансасын салу жөнінде референдум өткізу бойынша бір шешімін айтар деп күтіп едім. Ішкі сезімім алдамапты. Қасым-Жомарт Кемелұлы референдум тура бес аптадан кейін, 6 қазан күні өтетінін, бүгін осы мәселе турасында Жарлыққа қол қоятынын айтты. Бұл өте дұрыс болды, қашанғы екі ойлы болып жүреміз!

    Еліміз жылдан-жылға дамып, тек бізде емес, бүкіл әлемде энергия тапшылығы күшейіп бара жатқанын отандық және шетелдік беделді сарапшылар күн сайын әртүрлі БАҚ арқылы айтып жатыр. Оның үстіне халықаралық қауымдастықтың теңқұқықты мүшесі ретінде біздің еліміз де экологиялық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында электр қуатын өндіруде көмір отынынан бас тарту бағытын ұстанатынын жариялады. Сондықтан бұл мәселеде бір шешімге келуіміз керектігі анық.

    Президенттің айтуынша,  қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз де еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз керек. Атом  стансасын салу тек электр қуатын өндіру дегенді білдірмейді, бұл тереңірек түсіне білсек, ғылымды, жаңа мамандық түрлерін дамыту, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, экономикалық әлеуетін арттыру, түптеп келгенде мемлекеттің басты міндеті саналатын – халықтың өмір сүру, тұрмыс сапасын арттыру  деген сөз деп ойлаймын.

    Әрине, күні бұрын Қазақстан халқы атом электр стансасын салуды қолдап дауыс береді деп айтуға болмас. Бірақ Мемлекет басшысы Жолдауда айтқандай, Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда.

    Қазақ «Халық айтса, қалт айтпайды» дейді. Алдағы референдум кезінде де халқымыз қалт айтпай, дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін.

    Өз басым референдум өткізу жөнінде нақты шешім қабылданып, оның мерзімі нақты белгіленгендіктен осы жайтты бөле-жара айтып отырмын. Әйтпесе Жолдауда айтылған көп нәрселер көңілімнен шықты. Әсіресе Президенттің 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялайтындығы көп нәрседен үміттендіреді. Біз – аға және орта ұрпақ еңбекпен өстік, еңбекпен тәрбиелендік. Ал тәуелсіздік тұсында өмірге келген кейінгі ұрпақ еңбектен қол үзіп қалғаны сыр емес. Оның үстіне осы жылдары қаншама зауыт-фабрикалардың жұмысы тоқтап, қаншама колхоз-совхоздар тарап кетті. Олардың бәрін ат төбеліндей адамдар жекешелендіріп алып, ауыл тұрғындары егін салатын жер түгілі мал жаятын жайылымсыз қалды. Ал жер мен жайылым, жоғары жалақылы өндіріс орындары жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің, жұмысшы мамандықтарына баулудың нағыз көзі еді.

    Тағы бір айтарым, Қасым-Жомарт Кемелұлының «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты» деп бағалауы аса көңілімнен шықты. Шынында да олар  білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. «Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет», –  деді Президент.

    Оған қосымша, менің ойымша, мұғалімдер ұстаздық қызметке конкурстық негізде қабылданса нұр үстіне нұр болар еді. Мұнда олардың білім деңгейіне қоса адамгершілік қасиеті, педагогикалық қабілеті, біліктілік деңгейі ескерілуі тиіс. Өйткені аса маңызды бұл салада қазір  тұрақты және жоғары жалақы үшін жүрген, мұғалімдік қызметке сай емес жандар аз еместігі әркез айтылып қалады.  Осы тұрғыда тек білімді, білікті, қабілетті, өз кәсібіне адал, адамгершілік қасиеттері жоғары ұстаздар ғана өзінен озатын нағыз шәкірттер дайындай алады деп ойлаймын.

    Мемлекет басшысының спорт, медициналық қызмет, агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу турасында айтқан пікірлері де көпшіліктің көкейіндегі ойлар екені сөзсіз.

     Бексұлтан КӨЛБАЕВ,

    Талғар ауданы, Кеңдала ауылдық

    ақсақалдар кеңесінің төрағасы

    Ұсынымдар

    Кітап – сарқылмас  қазына

    Кітап – сарқылмас қазына

    7 months ago
    Үш жылда «Қазақстан халқына» ҚҚ 186 млрд тг қайырымдылық көмек көрсетті

    Үш жылда «Қазақстан халқына» ҚҚ 186 млрд тг қайырымдылық көмек көрсетті

    3 months ago
    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    7 months ago
    Балалар үйінің тәрбиеленушілері облыс әкімімен кездесіп, жаңа ғимаратты аралайды

    Балалар үйінің тәрбиеленушілері облыс әкімімен кездесіп, жаңа ғимаратты аралайды

    2 months ago
    Мәселе бір күнде шешілмейді

    Мәселе бір күнде шешілмейді

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.