Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында қорғаныс істер саласының өкілдері мерздімді әскери қызметке күзгі шақырудың ерекшеліктері мен тәртібі жайлы баяндады.
Аталған баспасөз мәслихатына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Дулат Ақышев пен Қонаев қаласы қорғаныс істері басқармасының шақыру бөлімінің бастығы капитан Жамила Бұхарбаева қатысып, кезекті әскерге шақырудағы маңызды міндеттерге тоқталды. – ҚР Президенттің 2024 жылғы 1 ақпандағы жарлығына сәйкес елімізде күзгі әскерге шақыру басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады деп отыр. Биыл облысымыздан әскери борыш міндеттелген 18 – 27 жас аралығындағы 1 771 азамат әскерге шақырылады. Олардың 850-і Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне, қалған 921 – і Ұлттық ұланның, ҰҚК Мемлекеттік күзет қызметінің және Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне шақырылады. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген сәттен бастап жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды жүйелі түрде зерделеуді бастайды. Ол үшін әскерге шақырылушының құжаттарын оқып қана қоймай, жас жігіттермен тәжірибе жұмыстары да жүргізіледі. Шақыру науқанының басталуына қарай барлық өңірде шақыру комиссияларын басқаратын қалалар және аудандар әкімдері орынбасарларының басшылығымен шақыру және медициналық комиссия мүшелерімен нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді. Әскерге шақыру SMS-хабарламалар немесе үйіне және жұмыс орындарына дербес шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылады – , деді полковник Дулат Ақышев.
Қорғаныс істер саласы өкілдерінің сөзінше, биыл әскери қызметшілерге арналған несиелік демалыс мүмкінтері қарастырылған. Енді әскерилерге қызмет барысында, саптақан қайтқаннан кейінгі екі ай ішінде сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Бүгінде 6 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы 1 млрд 828 млн теңге көлемінде несиелік демалысқа қол жеткізіп отыр. Сонымен қоса, қызметі аяқтаған сарбаздарға білім беру саласында да айтарлықтай жеңілдіктер беріледі. Полковник Дулат Ақышевтің сөзінше, бүгінгінде 1,5 мыңнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін оқу мүмкіндігіне ие болған.
Ерзат АСЫЛ