-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    «Амиранның» айраны балаларға пайдалы

    11.09.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік
    «Амиранның» айраны балаларға пайдалы
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Еліміздің сүт өнеркәсібінде «Адал», «Данон», «Фуд Мастер» сияқты жетекші өндіріс орындарының қатарында балаларға арналған таза сүт өнімдерін шығаратын «Амиран» фирмасы да бар.

    Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылында орналасқан сүт зауытының негізін қалаған Ұлттық ғылым академиясының академигі, мемлекет және қоғам қайраткері Төрегелді Шарманов болатын. Көпжылдық тәжірибеге ие өндіріс меңгерушісі Асхат Түкеновтің айтуынша, заманауи технология және жоғары сапа стандарттарына басымдық жасау зауыттың өндіріс ауқымын кеңейтіп, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік берген. Мұндағы ең басты ерекшелік – зауыт шикізатты шетелден әкелмейді. Өйткені табиғи сүт Нұра ауылдық округіне қарасты Қаратоған ауылында орналасқан өздерінің тауарлы сүт фермасынан алынады. Зауытқа күн сайын 16 тонна сүт жеткізіліп, өндірістік өңдеу барысында одан айран, сүзбе, қаймақ, қатық, йогурт сияқты 19 түрлі сүт өнімі өндіріледі.
    – Сүт өнімдерін өндіру технологиясы мен үдерісінде сүттің майлылығы үлкен рөл атқарады. Жаздыгүні ол төмен, ал қысқа қарай жоғары болып, 30 пайызға дейін жетеді. Ашытылған сүт резервуарлық және термостаттық деп аталатын екі түрлі әдіспен өндіріледі. Зауытта жетекші еуропалық фирмалардың соңғы үлгідегі жабдықтары орнатылған. Мұнда 70-тен аса адам жұмыс істейді және олардың үштен бірін өнімнің сапалы болуын қадағалауды қамтамасыз ететін технолог­тар мен шеберлер құрайды. «Амиран» зауытының басты мақсаты – балалардың салауатты өсуі мен дамуы үшін қажетті барлық азықтық заттармен байытылған жоғары сапалы өнім алу. Ол үшін зауыттың өз зертханасы бар. Шикізат тек қана өзіміздің «Амиран Агро» фермасынан алынады. Сапаны бақылау басты назарда, – дейді Асхат Түкенов.
    «Амиран» зауытында балаларға және ере­сек­терге арналған өнім өн­діретін екі желі бар. Балалар желісінде сүзбе пастасы, түйіршіктелген паста, ашытылған сүт өнімі, йогурт және сүт өндіріледі. Бұл өнімдер 6 айлықтан бастап, мектеп оқушысына дейінгі әр­түрлі жастағы балаларға арналған. Ал ересектер желісінде сүт, сүзбе, айран, қатық, қаймақ, сарысу өндіріледі. 2019 жылы зауыт Алматы қаласы мен облысының тұрғындарына бірден ұнаған екі жаңа өнім – «Вологод» сары майы мен «Fitline» йогуртын шығарды. Ал 2021 жылы Микробиология және вирусология институтымен бірге тұтынушыларға тағы бір ерекше өнім – «Лакто-АС» сүт сарысуы сусынын ұсынды. Сүт сарысуы адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қазіргі кезде бұл өнімдер Алматы қаласы мен облысының сүт сөрелерінде жетекші орынды иеленіп тұр.
    «Амиран Агро» фермасында сауын сиырлар үшін жемшөп қорын дайындауда егістік жерлер GPS нави­гатордың көмегімен бағдар­ламалық қамту арқылы жыртылса, сиырларды сауатын залда американдық «Baumatic» жүйесі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ тазалау жүйесімен де қамтылған. Ферма қызметкерлері жердің өнімділігін арттырып, топырақ­тың құнарлылығын жақсарту және байыту жұмыстарын жүргізіп келеді. Мұнда барлық үдеріс­тер автомат­тандырылған.
    Компания өндірістегі тұрақты­лық пен әлеуметтік жауапкершілікке де ерекше мән береді. Бұл бағытта заманауи экологиялық технологиялар енгізілуде, шыны ыдыстарды қайта қолдану бойынша жоба дайындалған. Сүт өнімдерін құю үшін нарықтан тек қауіпсіз және келешекте қайта өңдеуге болатын пластиктерді таңдайды. Сонымен бірге тұрғындар арасында күнкөрісі төмен, көмекке мұқтаж топтағы адамдарды қолдауға бағытталған қайырымдылық шара­ларға белсенді қатысып келеді. Өз қызметкерлері үшін де қолайлы жағдай жасап, адамдарды қосымша жұмыс орнымен қамтамасыз етуде. Компанияның басты ұстанымы – экологиялық тұрғыдан таза, тиімді және өміршең кәсіпорын болу. Өнім түрлері мен сату көлемін ұлғайту да алдағы жоспардың негізгі мақ­саттарының бірі.
    «Ас – адамның арқауы», «Бірінші байлық – денсаулық» дейді халық даналығы. Қазір табиғи таза өнімдер тұтынып, салауатты өмір салтын ұстану өте маңызды. Осы тұрғыда өзінің ірі қара мал басы, дамыған жем­шөп базасына ие заманауи фермасы бар және сүттен бастап, балалардың денсаулығы, өсуі мен дамуы үшін аса пайдалы өнімдер өндіретін, қоғам ал­дындағы әлеуметтік жауапкершілік­ті жақсы сезінетін отандық сүт өндірісі­нің озаты – «Амиран» зауыты келешекте де табысты жұмыс істейтіндігіне күмән жоқ.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа орталық ашылды

    Жаңа орталық ашылды

    1 year ago
    Жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін тапты?

    Жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін тапты?

    6 months ago
    Қазына тұнған  – құт мекен

    Қазына тұнған  – құт мекен

    11 months ago
    Тоғысқан тағдыр

    Тоғысқан тағдыр

    4 months ago
    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>