-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алқапты аралады

    18.09.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Алқапты аралады
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

          Кегендік шаруалардың егін науқанын бастап кет­кеніне он шақты күн болды. Олар биыл дала төсіне ар­па, бидай мен мал азығы дақылдарын екті.

    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев Кеген ауылындағы егіс алқабына ат басын бұрып, шаруашылықтарды аралап, жұмыс қарқынын көзбен көрді. Шаруа қожалығы иелерімен сөйлесті. Нұрбақыт Молдахметұлына аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Батырханұлы, ауылшаруашылық бөлімінің бас­шы­сы Жасұлан Өмірзақов пен атал­мыш шаруашылық төрағасы Қанат Молдасанов сапарлас болып, дала жұмысы барысын таныстырды.
    – Кенеттен жауған жауын егінді оруға өз кедергісін келтірді. Бірақ бірер күнде шашпай-төкпей, жиын-терінді аяқтап қаламыз, – деді қожалық төрағасы Қанат Молдасанов.
    Кеген ауылдық округінде өз мақсатында пайдаланылмай жатқан жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылып, Кеген ауылының 15 тұрғынына заң тәртіптеріне сәйкес үлестіріліп берілген болатын. Қазіргі таңда 15 отбасы егістік жерді өз мақсатында пайдаланып, әр гектарынан 2,5 тоннадан жаздық арпа алды.
    – Қазір ауыл шаруашылығы өніміне деген сұраныс жоғары. Сіздер сияқты еңбек адамының өнімі жерде қалмайды. Халықты азық-түлікпен қамтитын өздеріңіздей шаруаның көп болғаны жақсы. Аз жерден мол өнім жинау үлкен жетістік, – деді Нұрбақыт Молдахметұлы.
    Биыл аудан әкімінің арнайы тапсырмасымен ірілі-ұсақты барлық шаруашылық көктемгі егіс жұмысын дер уақытында бастап кетті. Соған сай егіс өнімділігі жоғары болады деген жоспар да бар. Әрине, мұндай жетістікке қол жеткізудің сыры атқарылған еселі еңбекте жатқаны сөзсіз. Дала диқандары осындай ауқымды жұмысты атқаруға барлық жағдайды жасап отырған аудан басшылығына өз ризашылықтарын жеткізді.
    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев шаруалардың жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, молшылыққа кенелуіне тілектестігін білдірді. Бұдан соң өңір басшысы Қарқара ауылындағы «Құмтекей» шаруа қожалығының егіс алқабымен де танысты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Бақыт Беделханұлы: Құрбандықсыз құнды дүние шықпайды

    Бақыт Беделханұлы: Құрбандықсыз құнды дүние шықпайды

    3 months ago
    Шөп өртегендер жауапкершілікке тартылды

    Шөп өртегендер жауапкершілікке тартылды

    2 years ago
    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    11 months ago
    Талғарлықтардың талабы тыңдалды

    Талғарлықтардың талабы тыңдалды

    2 years ago
    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>