АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық халықтық штабтың мүшелері Талғар ауданының Белбұлақ кентіндегі «Медикар» медициналық центр ұжымымен кездесті. Кездесу барысында жиналған қауымға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы түсіндірілді. Сонымен қатар АЭС салудың маңызы туралы да сөз болды.
Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын» – деді Президент Жолдауында. Жалпы, заман қарыштап дамыған сайын адамзат баласының қажеттіліктері күн санап артуда. Президентіміз Жолдауда айтқандай, баламалы энергия көздерін пайдалану күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі. Сондықтан, бүгінді бағдарлы, келешекті кемел ету үшін АЭС салудың маңызы зор деп ойлаймын, – деді Сембаев Амангелді Тілеубердіұлы.
АЭС бой көтеруі арқылы болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз анық. Оған дәлел, әлемде бірнеше дамыған елдер АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отырғаны дәлел бола алады. Штаб мүшелері медицина ұжымын 6 қазан күні өтетін референдумға бір кісідей қатысып, өз позицияларын танытуға шақырды.
alatauaraiy.kz