-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ортақ мақсат, ортақ мүдде

    01.10.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау
    Ортақ мақсат, ортақ мүдде

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    15
    VIEWS

            Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің жиыны өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ­Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-сессиясында және халыққа арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларының жүзеге асырылуы, қоғамдық келісімді қалыптастыру жолында ақсақалдар кеңесінің жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды.

    Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде өткен басқосуды облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық келісім және даму орталығы мекемесі басшысының орынбасары Айымжан ­Тәңірбергенова жүргізді. Өңірде түрлі этнос өкілдері көп шоғырланғанын, сондықтан этносаралық келісім мен татулықтың туын жықпай ұстау басты міндет екенін атап өтті. «Қазір Ассамблея жанынан құрылған аналар және ақсақалдар кеңестерінің ел бірлігін нығайтуға барынша атсалысуы – айрықша маңызды міндет», – деді ол. Бұдан әрі ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Ассамблея сессиясында сөйлеген сөзінде ерекше атап өтілген бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз екеніне, күш-жігерді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғыры қаланып, саясатта, экономикада, мәдениет пен әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасауға болатынына тоқталды.
    Жиында сөз алғандар ақсақалдар кеңесінің өңірді және жалпы елді дамытуды көздеген көптеген қоғамдық маңызы бар іс-шараларға әрдайым белсенді қатысып, бастамашы болып жүргенін атап өтті. Бұл орайда ҚХА жанындағы облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы ­Амангелді Беспаев, мәдениет саласының үздігі, ақын, суретші Әуелбек Ысқақов, аудандық, ауылдық ақсақалдар кеңестерінің мүшелері ­Тәңірберген Қасымберкебаев пен Бақыт Балайұлы ой-пікірлерін ортаға салды. Жастарды рухани-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мен мәдени диалогты дамытудың маңыздылығын сөз етті. Бейбітшілік, бірлік пен келісім – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары десек, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ел бірлігін сақтауда үлкендер де өз үлесін қосып отырғанын жеткізді.
    Басқосуға құрметті қонақ ретінде қатысқан Шымкент қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Батырбек ­Жалмұрзаев мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге этнос өкілдерін белсенді тарту керектігін баса айтты. Бұл – қазақтың елі, қазақтың жері екендігін осы мемлекетте тұратындардың барлығы ешқашан естен шығармауға тиіс. Десек те, мемлекеттік тілдің мерейі қоғамдық өмірдің барлық саласында үстем болуына ең алдымен өзіміз атсалысуға тиісті екенімізді еске салды.
    Жиында сонымен қатар билік пен қоғам арасындағы сенім – ең үлкен күш екені айтылды. Бұл – қоғам мен елдің дамуына тікелей әсер ететін құндылық. Алға қарай қадам басуымыз үшін бір-бірімізден айырмашылық емес, керісінше ортақтық іздеуіміз керек, тіл табысып, бірігуіміз қажет деген ой түйінделді. Сондай-ақ Ассамблея жанынан құрылған ақсақалдар кеңесі мен әкімдік жанындағы ардагерлер ұйымының атқаратын міндеті ортақ екендігі, осыған байланысты алдағы уақытта ұйымдық мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылатындығы сөз болды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар барынша қолдау табатыны айтылды.
    Шара соңында Ассамблея қызметіне белсенді атсалысып, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін ақсақалдар кеңесінің бірқатар мүшесі Алғыс хатпен марапатталды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Береке-бірлік дәл қазір керек

    Береке-бірлік дәл қазір керек

    1 year ago
    Облыс өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

    Облыс өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

    1 year ago
    Газдандыру қарқын алады

    Газдандыру қарқын алады

    4 months ago
    Алматы облысында туризм қалай дамып жатыр?

    Алматы облысында туризм қалай дамып жатыр?

    3 months ago
    Әкелер қайда айбаты асқан?

    Әкелер қайда айбаты асқан?

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.