Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасына кәсіби даярлығы жоғары жұмысшылардың аса қажет екенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде түрлі саладағы мыңдаған бос жұмыс орны шетелдік жұмыс күші арқылы толып отыр. Шынмен де бұл еліміздегі ең өзекті мәселердің бірі екені анық.
Инновациялық даму үшін техникалық кадр, орта кәсіптік маман дайындау стратегиясы маңызды. дегенмен, елімізде өндіріс орындары орта кәсіптік білімді жұмыс күшіне зәру, техникалық кадрларға мұқтаж. Сондықтан кадр дайындау жүйесін реформалау арқылы еліміздің экономикалық қуатынарттыруға болады. Шындығы сол қоғамға білімді де білікті, нарықтық экономикаға бейімді, өз кәсібін қадірлей алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты кәсіби мамандарды дайындап шығару – бүгінгі күннің басты мақсаты. Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың, оларға лайықты жалақы төлеудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Алда біз Президент бастамасына сай заманауи жабдықтарымен қамта-масыз етілген шеберханалардың санын арттырып,жұмыстың практикалық дағдылары арқылы әрі қарай өндірісте жұмыс істеуге дайын мамандар тәрбиелеуге күш саламыз.
ҚУАТ ДҮЙСЕБАЕВ,
Шелек политехникалық колледжінің директоры