⛅
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Президент Жолдауы: Қонаевты дамытуда басымдықтар айқындалды

    15.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау
    Президент Жолдауы: Қонаевты дамытуда басымдықтар айқындалды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қонаев қаласының әкімдігінде ҚР Президентінің Жолдауын талқылау жиынына актив мүшелері қатысты. 

    Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ляйля Келдібекова бюджет түсімдері мен инвестиция саласына тоқталып өтті. 

    «ҚР Президенті өзінің Жолдауында ел экономикасын ілгерілету, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жайлы айрықша айтты. Жалпы Қонаев қаласы облыс орталығы статусына ие болғалы негізгі капиталға 309 млрд. теңге инвестиция тартылса, өнеркәсіпте 410 млрд теңгеге өнім өндірілді, ауыл шаруашылығында 132 млрд теңгеге өнім алынды. Мемлекет басшысы назарды өңдеу өнеркәсібіне бағыттауды міндеттеді. Қаламызда 217 кәсіпорын өнеркәсіп өндірісі саласында жұмыс жасаса, соның 50 пайызы өңдеу өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындар», – деді бөлім басшысы.

    Айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде негізгі жүйені құрушы 2 мекеме (КнауфГипс Қапшағай, Маревен Фуд Тяньшань), 3 ірі кәсіпорынның Алатау қаласына өтуіне байланысты өнім көлемінің үлесі 76%-дан 36%-ға төмендеді.

    «Өңдеу өнеркәсібінде бүгінгі күнге 19 млрд. теңгенің ғана өнімі өндірілуде. Алдағы уақытта осы бағытта жүйелі жоспарлар құрып, жұмыстарды қолға алу қажет деп есептеймін», – деді Ляйля Келдібекова.

    Сонымен қатар ол Қонаевта құрылыс қарқын алуына байланысты инвестициялық портфельге өзгерістер енгізу керек екенін сөз етті. Оның ішінде, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар үлесін арттыру қажет. Бүгінгі күнге қалада 11 кәсіпорын құрылыс материалдарын шығарумен айналысса, олардан 43,1 млрд. теңгеге өнім өндірілген.

    Басқосуда Кешенді даму жоспары жайлы да айтылды.

    «Инвестицияны тартудың бір тетігі – инфрақұрылымды жетілдіру. Осы бағытта шаһарымызда Кешенді даму жоспары бекітілді. Аталған жоспар шеңберінде 187 іс-шараны іске асыру көзделуде. Бүгінде бірқатар жобалардың мемлекеттік сараптамадан толық өту кезеңі аяқталуға жақын болса, кейбір жобаларға қаржыландыру басталды. Яғни, таяу жылдары қаламызда нағыз құрылыс қарқыны күтілуде», – деді бөлім басшысы.

    Ал аурухананың мамандары қолданыстағы заманауи қосымшалар жайында сөз қозғады. Қазіргі таңда Дамумед арқылы науқастарға көмек көрсетілуде. Барлық медициналық сараптамалардың қорытындысын смартфондағы қосымша арқылы көруге болады. Одан бөлек, заманауи жабдықтар мен аппараттар дәрігерлердің жұмысын жеңілдеткен. Мысалы, онлайн анкета өту, МӘМС жүйесін ЖИ арқылы реттеу, онлайн кеңес беру секілді озық технологиялар кеңінен қолданылуда. Алдағы уақытта Қонаевтағы көпбейінді ауруханаға телемедицина құралдары сатып алынбақ және ЖИ негізінде мұрағат жасау көзделуде.

    Ал «Алатау хаб» технопаркінің мамандары «Qonaev AI» жүйесі пилоттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. Бұл қосымша «ChatGPT» секілді қызмет ететін өңірдің маңызды құралына айналмақ. Сондай-ақ «Алатау хабта» ЖИ құралын тиімді пайдалану жолдары азаматтарға үйретіледі.

    Актив отырысында ЖИ-дің әлеуметтік салаға әкелетін өзгерістері де аталып өтті.

    «Жолдауда көрсетілген бағыттар алдағы жұмысымызда негізгі назарда болмақ. Ендігі міндет – актив жиынында айтылғандарды іс жүзінде жүзеге асырып, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға нақты үлес қосу», – деді активке төрағалық еткен қала әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова.

    Жиын нәтижесінде хаттама әзірленіп, тиісті бөлімдерге орындауға жолданды.

     

    Кроме того, она остановилась на вопросах строительства. В связи с ростом его темпов, подчеркнула спикер, важно корректировать инвестиционный портфель и увеличивать долю предприятий по производству стройматериалов. Сейчас в городе действуют 11 таких предприятий, выпустивших продукции на сумму 43,1 млрд тенге.

     

    Отдельно был рассмотрен Комплексный план развития Конаева.

     

    «Привлечение инвестиций напрямую связано с развитием инфраструктуры. В Комплексный план включено 187 мероприятий. По ряду проектов уже завершается государственная экспертиза, по другим – начато финансирование. В ближайшие годы город ждёт активный строительный рост», – сообщила руководитель отдела.

     

    В ходе заседания медики рассказали о цифровизации сферы здравоохранения. Сегодня пациенты активно пользуются приложением Damumed, где доступны результаты анализов и медицинские заключения. Врачам помогают современные технологии: онлайн-анкеты, консультации, а также регулирование системы ОСМС с применением искусственного интеллекта. В ближайшее время в многопрофильной больнице планируется внедрить телемедицину и создать цифровой архив.

     

    Специалисты технопарка Alatau Hub сообщили, что система Qonaev AI запущена в пилотном режиме и в перспективе станет аналогом ChatGPT для региона. Кроме того, в хабе жителей обучают правильному использованию ИИ-инструментов.

     

    Заместитель акима города Сауле Нурсолтанова, председательствовавшая на заседании, подчеркнула, что все инициативы Президента должны найти практическое воплощение.

     

    «Главная задача – превратить озвученные в Послании приоритеты в реальные дела, которые повысят качество жизни горожан», – отметила она.

     

    По итогам заседания был составлен протокол, а соответствующим отделам даны поручения для исполнения.

    Ұсынымдар

    Күрделі жөндеуді қажет етеді

    Күрделі жөндеуді қажет етеді

    2 years ago

    Жер бос жатпауы тиіс

    6 months ago
    Ел мерейі тасыған күн

    Ел мерейі тасыған күн

    1 year ago
    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр

    6 months ago
    ҚЫЗ ЕСІМІ ШЕЖІРЕГЕ КІРЕ МЕ?

    ҚЫЗ ЕСІМІ ШЕЖІРЕГЕ КІРЕ МЕ?

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>