⛅
4°C
Қонаев
Сәрсенбі, Желтоқсан 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    BIR TOLQYNDA: Алматы облысында жастар Президент Жолдауын талқылады

    Жастар ауылдағы IT курстарын көбейту және жаңа мүмкіндіктер ашуды сұрады

    18.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Жолдау, Президент
    BIR TOLQYNDA: Алматы облысында жастар Президент Жолдауын талқылады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы «BIR TOLQYNDA» ашық диалог алаңы форматында талқыланды. Іс-шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырды.

    Кездесуге студенттер, жас кәсіпкерлер, волонтерлер, инфлюенсерлер және сарапшылар қатысты. Диалог барысында Жолдауда көтерілген негізгі бастамалар – жасанды интеллект, инновациялық стартаптар, жастар кәсіпкерлігін қолдау және білім беруді цифрландыру мәселелері қаралды.

    Alatau Hub директоры Бексұлтан Нұрақын облыста іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Оның айтуынша, Алматы облысы республикада алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметкерлерге жасанды интеллект құралдарын үйретуді бастаған. 500-ден астам қызметкер ChatGPT, Claude, Copilot, Midjourney және Sora платформаларын меңгерген. Сонымен қатар, өңірде 9 425 бейнабақылау камерасы жасанды интеллект функцияларымен жұмыс істейді, мектептер мен балабақшаларға Face ID және QR-код жүйелері енгізілген.

    «Жастар жасанды интеллектті тек тұтынушы ретінде емес, жаңа шешімдердің авторы ретінде меңгеруі тиіс. Біз оларға no-code курстар, хакатондар және акселерация бағдарламалары арқылы мүмкіндік беріп отырмыз», – деді Бексұлтан Нұрақын.

    Диалог соңында қатысушылар ауыл жастары үшін тегін IT курстарын көбейту, оқу процесінде жасанды интеллект құралдарын қолдану және жастар кәсіпкерлігін қаржыландыруды кеңейту бойынша ұсыныстар айтты.

    Ұсынымдар

    Тәуелсіздік ерлері

    Тәуелсіздік ерлері

    7 months ago
    «ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

    «ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

    3 months ago
    Алматы облысы студенттері «ASTAUfest-2025» халықаралық гастрономиялық фестивалінде Гран-при иеленді

    Алматы облысы студенттері «ASTAUfest-2025» халықаралық гастрономиялық фестивалінде Гран-при иеленді

    2 months ago
    Өзекті мәселелер өз шешімін табады

    Өзекті мәселелер өз шешімін табады

    2 years ago
    Кешенді медициналық тексеру қолжетімді бола түсті

    Кешенді медициналық тексеру қолжетімді бола түсті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>