⛅
18°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: МЕДАЛЬ АЛМАҒАН КІМ ҚАЛДЫ?

    17.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Парламент
    Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: МЕДАЛЬ АЛМАҒАН КІМ ҚАЛДЫ?
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          – Атағы жоқ, медаль алмаған кім қалды? Байқаған шығарсыздар, Жаңа жылдың алдында өмірі атын естімеген белгісіз қоғамдық ұйымдар шүлен таратқандай үлестіріп жатыр. Өйткені қоғамда сұраныс та бар. Айтайын дегенім, атаққұмарлық кәдімгі дертке айналып барады. Марапат пен атақ базарда сатылатын сувенир сияқты. Бұған дейін бұл мәселені біраз әріптестерім, депутаттар да көтерді. Арнайы заң, норма қабылданды. Алайда бұл үрдіс керісінше үдеп барады.
    Мәселен, «Қазақстанның Құрметті азаматы» төсбелгісі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» медалі және «Ұлт ұстазы» дейтін атақтар кейбір деректерге қарағанда, ашық не жасырын түрде 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылып жатыр. Біздің пысықайлар әбден дәндеп алған. Тіпті «Қазмедианың» үлкен залдарын, зәулім сарайларды жалға алады. Қызыл кілемін төсетеді. Салтанатты түрде сахнаға шығарып тұрып марапаттайды, кәсіпкерден бастап, мұғалімге дейін! Бір-бірін құттықтап, WhatsАpp-қа жариялайды. Мәз! Не атақ алып жатқандарын өздері де білмейді. Мәселе біреудің марапат алғанында емес, оның қандай жолмен, қандай негізде беріліп жатқанында! Мүлдем құн қалмады. Ал пысықайлар үшін бұл тек қана бизнес. Тіпті қазір «Ғасыр ұстазы», «Алаш ұстазы» дейтін атақтар шығыпты. Ақшасын төлесең болды, медаль да, орден де, куәлік те, қысқасы, дайын шоу-пакетке бірден ие боласың.
    Өмірде мүлдем атын естімеген қоғамдық ұйымдар «Ғасыр ұстазы» дейтін атақ беретіндей не құдіреті бар? Мынау ұят нәрсе! Мұны тоқтатуымыз керек.
    Көптеген дамыған елде мемлекеттік марапаттар – заңмен қорғалатын институт. Атақтар мен наградтардың критерийі нақты белгіленіп, рәсімделу ашық түрде жүзеге асады. Бұл жүйе награданың беделін сақтауға, заңсыз саудаға жол бермеуге, қоғамда әділдік пен моральдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал біздің елде керісінше! Қалтасында қаржысы немесе танысы бар кез келген адам қоғамдық ұйым ашып алып, атақ таратумен айналыса алады.
    Ең қауіптісі – бұл «марапат бизнесінің» мектептерге енуі! Жаппай қазір мұғалімдер сатып алып жатыр. Бүгінде ұстаздың кәсіби деңгейі нақты нәтижемен, білім сапасымен емес, қайдағы жоқ Алғыс хатпен, медаль саны арқылы өлшенетіндей жағдайға жеттік. Соның салдарынан мұғалімдер оқушыға білім беруде емес, марапат жинауда бір-бірімен жарыса бастады. Бұл білім жүйесінің іргетасын шайқалтатын аса қауіпті құбылыс деп ойлаймын. Қаптаған атақ таратқыш ұйымдардың кесірінен біз атақ пен марапатты тойға апаратын жай сыйлық деңгейіне дейін арзандатып жібердік.
    Шындығы сол, мемлекеттік наградалармен шатастыратын қоғамдық атақтар таратып жатқандар өздерін ешқандай кінәлі сезінбейді. Бұл заңның әлсіздігі емес, оның орындалуының салдары. Менің ойымша, салмағы жоқ, жөн-жосықсыз сатылып жатқан атақ, марапаттарды тоқтатудың бір ғана жолы бар – сатқызбау, сатып алмау және жол бергендерді заң нормаларына сәйкес жауапқа тарту!

    Соңғы жаңалықтар

    Әскери әдеп әспеттелді
    08.04.2026
    Көпшілік тыңдау өтті
    08.04.2026
    Құрылыс қарқынды
    08.04.2026
    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>