⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Парламент реформасы: Әйелдердің 30% квотасын сақтап қалу ұсынылды

    20.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Парламент, Президент
    Парламент реформасы: Әйелдердің 30% квотасын сақтап қалу ұсынылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда Паралменттегі әйелдер квотасын сақтаудың маңызы жөнінде пікір білдірді.

    Кеше Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам» секциясының отырысы өтіп, 26 құрылтай мүшесі өз ұсыныстарын ортаға салған.

    – Парламентті реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі ретінде оның жүйелік маңызын айтпай кету мүмкін емес. Қос палаталы жүйеден бір палаталы модельге көшу мәселесі сарапшылар арасында ұзақ уақыт талқыланып келеді және бүгінде кең қоғамдық қолдауға ие болып отыр. Осы орайда партиялық тізімдердегі әйелдер квотасын сақтауды өтініш ретінде айтқым келеді, — деді Қарлығаш Жаманқұлова Президент қатысуымен өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда.

    Спикер шешім қабылдау жүйесіндегі әйелдердің қатысуын кеңейту Мемлекет басшысы тарапынан дәйекті түрде қолдау тауып келе жатқанын атап өтті.

    – 2022 жылғы саяси реформалар пакеті аясында партиялық тізімдер мен өкілді органдардағы квотаны заңнамалық тұрғыдан бекітуді өзіңіз ұсынған едіңіз. Әйелдердің заң шығарушы органдардағы тұрақты қатысуы қабылданатын шешімдердің сапасын арттырады, күн тәртібін кеңейтеді және өкілді институттардың легитимдігін күшейтеді. Сондықтан 2022 жылы өзіңіз негізін қалаған саяси жүйені жаңғырту қағидаттарының институционалдық тұрғыда бекіп, сабақтастығын қамтамасыз ету тетігі ретінде әйелдер квотасын 30% көлемінде сақтауды сұраймын, – деді Қ. Жаманқұлова.

    Айта кетейік, Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды. Құрылтайдағы талқылауға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері қатысып жатыр.

    Соңғы жаңалықтар

    АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ: 6654 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
    06.04.2026
    Қызу еңбекке кірісті
    06.04.2026
    90 жылдыққа – 9000 ағаш!
    06.04.2026
    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
    06.04.2026
    Аймақ абыройын асырды
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>